WPW (Вольф-Паркинсон-Уайт) cиндромы антиовентрикулярлы түйіннен
тыс қосымша өткізгіш жолы пайда болғанда байқалады және жиі туа біткен жүрек ақау-
мен (әсіресе Эбштейн ақауымен) қосарланады. WPW синдромында
ортодромды қарын- шаүстілік тахикардиямен (енсіз QRS кешенімен) қатар антидромды қарыншаүстілік
тахикардияны (кең QRS кешенімен), сонымен қатар жыбыр аритмиясын және жүрекше
дірілдеуін (қалтырауын) кездестіруге болады.
ЭКГ-де қысқарған Р-Q арақашықтығы және QRS кешенінің өрлеу бөлігінің
дельтатолқындылығы байқалатын синустық ырғақ анықталады.