Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-бап. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар



Pdf көрінісі
бет96/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

181-бап. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар
1. Зерттелушілердің және зерттеушілердің құқықтарын қорғауды, қауіпсіздігі мен
қолайлы жағдайын жасауды, сондай-ақ клиникалық зерттеу материалдарына имандылық-
этикалық және құқықтық баға беруді жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшы органдар Этика
мәселелері жөніндегі комиссиялар болып табылады.
2. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар қызметінің мақсаты биология мен
медицина жетістіктерінің пайдаланылуына байланысты адамның құқықтары мен қадір-
қасиетін қорғау болып табылады.
3. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялардың міндеттері:
1) зерттеулердің құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу;
2) зерттеулерді жоспарлау және жүргізу сатыларында адамның қауіпсіздігі мен
құқықтарының сақталуын тәуелсіз бағалау;
3) клиникалық зерттеу бағдарламасының тиісті клиникалық және ғылыми практика
стандарттарына, сондай-ақ зерттеушілердің біліктілігіне және осы зерттеуді жүргізетін
денсаулық сақтау ұйымының техникалық жарақталуына сәйкестігін бағалау;
4) клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық
нормалардың сақталуын бағалау;
5) биологиялық және медициналық этика мәселелері бойынша құжаттар әзірлеуге
қатысу болып табылады.
4. Этика мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау, ғылым,
өнер, құқық саласындағы мамандар, діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің
өкілдері кіре алады.
5. Қазақстан Республикасында Этика мәселелері жөніндегі орталық және жергілікті
комиссиялар жұмыс істейді.
6. Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссия халықаралық және республикалық
деңгейде жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін уәкілетті органның жанынан
құрылады.
Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені
уәкілетті орган бекітеді.
7. Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялар денсаулық сақтау
ұйымдарының базасында жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін осы
ұйымдардың жанынан құрылады.
Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссияның құрамы мен ол туралы ереже
оның жанынан осы комиссия құрылатын денсаулық сақтау ұйымы басшысының
бұйрығымен бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет