Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ДӘНЕКЕР ТІНДЕРІНІҢ ИММУНОПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет961/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   957   958   959   960   961   962   963   964   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.8. ДӘНЕКЕР ТІНДЕРІНІҢ ИММУНОПАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары
(коллагеноздар,
ревматикалық аурулар) бір топқа патогенезі мен клиникалық белгілерінің
ұқсастығына байланысты енгізілген; олар дәнекер тінідерінің әртүрлі
аймағының қабынулық өзгерістерімен байланысты .
Жүйелік зақымдалуымен,
рецедивтілігімен және үдемелілігімен сипатталады. Мысалы, ревматоидты артрит
негізінен буындардың созылмалы зақымдалуымен, склеродермия – терінің
594


тығыздалуымен, дерматомиозит – тері және бұлшықеттің қабынуымен және т.б. білінеді.
Солай бола тұрсада бұл аурулардың әрқайсысында да көп мүшелер зақымдалады,
сондықтан бір белгі әртүрлі ауруларда байқалып, оларды анықтауды қиындатады.
Жиілігі бойынша балаларда бірінші орында ювенильді ревматоидты артрит (ЮРА),
содан кейін – склеродермия (СД), жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дерматомиозит (ДМ)
тұрады.
Бұл топтағы аурулардың клиникалық маңызы анықтаудың қиындығына,
ауруханада ұзақ жатуына және еміне, жағымсыз ақырына, жиі мүгедектік байқалатынына
байланысты болып келеді.
Ревматикалық аурулардың
жұмыстық жіктелісі
және номенклатурасы ІІІ
бүкілкеңестік рематологтар съезінде 1985 жылы қабылданды. Оның негізіне
патогенетикалық қағида алынған. Бұл ауруларды емдеу тактикасының бір
бағыттылығында біріктіреді. Бұл жіктелісті дайындау барысында Америка ревматологтар
қауымдастығы қабылдаған жіктеліс (1983) ескерілген және ұлттық жіктеліскеде (ГФР,
1979) қайшы келмейді. Сол сияқты Жұмыстық жіктеліс ХАЖ-де (МКБ) қайшы келмейді:
І. Ревматизм
ІІ. Дәнекер тіндірінің диффузды аурулары:
1.0 Жүйелі қызыл жегі
2.0 Жүйелі склеродермия 
3.0 Диффузды фасциит 
4.0 Дерматомиозит (идиопатиялық, паранеопластикалық)
5.0 Шегрен ауруы
6.0 Дәнекер тінінің аралас аурулары
7.0 Ревматикалық полимиалгия
8.0 Рецедивті полихондрит
9.0 Рецидивті панникулит (Вебер-Крисчен)
ІІІ. Жүйелі васкулиттер:
1.0 Түйінді полиартериит
2.0 Гранулематозды артерииттер: Вегенер гранулематозы, эозинофильды васкулит.
Такаясу бейарнамалық аортоартерииті.
3.0 Гиперергиялық ангииттер: геморрагиялық васкулиттер, Гудпасчер синдромы
IV. Ревматоидты артрит
V.
Ювенильды артрит
1.0 Ювенильды ревматоидты артрит
2.0 Ювенильды созылмалы артрит
VI. Анкилоздаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы)
VII. Спондилитпен қосарланған артриттер
VIII. Инфекциямен байланысты артриттер:
a.
Инфекциялық артриттер 
б. Реактивті артриттер
IХ. Микрокристаллдық артриттер: подагра, хондрокальциноз.
Х. Остеоартроз
ХІ. Буындардың басқа аурулары
ХІІ. Ревматизм емес аурулардағы артропатиялар
ХІІІ. Буыннан тыс жұмсақ тіндер аурулары
Х IV.Сүйек, шеміршек аурулары және остеохондропатиялар.
Науқаста дәнекер тіндерінің жүйелі ауруы клиникалық белгілері және бейарнамалы
антиденелер анықталып, бірақ нақтылы ауру диагнозын қоятын нақтылы белгілер
жиынтығы болмаса, «дәнекер тінінің жіктелмеген ауруы» деген термин қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   957   958   959   960   961   962   963   964   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет