Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ІШУГЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ГИПОТЕНЗИВТІ ДӘРІЛЕР



Pdf көрінісі
бет960/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   956   957   958   959   960   961   962   963   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ІШУГЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ГИПОТЕНЗИВТІ ДӘРІЛЕР
Препараттар
Тәуліктік дозасы
Қабылдау
аралығы
Ескерту
В а з о д и л а т о р л а р
Гидралазин 
(апрессин)
Миноксидил 
(лонитен, регейн)
0,1- 3 мг\кг
0,2 мг\кг (максимальды 
дозасы - 40мг)
4-6 сағат
12-24 сағат
-
Ауыр артериялық 
гипертензияда қолда-
нылады, гирсутизм 
байқалуы мүмкін
К а л ь ц и й а н т а г о н о с т е р і
Нифедипин (адалат,
коринфар)
1-1,5 мг\кг
6-8 сағат
-
АПФ ингибитолары
Каптоприл 
(капотен)
Эналаприл 
(ренитек, энап)
0,5 -1 мг\кг (максимальды
дозасы- 6 мг\кг)
Ересектер мен 12 жастан 
асқан балалар үшін 5мг
6-8 сағат
24 сағат
Бүйрек 
жетіспеушілігі, 
гиперкалиемия 
байқалуы мүмкін
-
βадреноблокаторлар
Пропранолол (ана-
прилин, обзидан, 
индерал)
Метопролол (вазо-
кордин, корвитол)
0,5-1,0 мг\кг (максималь-
ды дозасы 2 мг\кг)
2 мг\кг 
6-12 сағат
12 сағат
Бронхиальды астмада,
жүрек жетіспеушілі-
гінде тағайындалмай-
ды
-
αадреноблокаторлар
Празозин (мини-
пресс, польпрессин,
адвертузен)
25- 150 мкг\кг
6 сағат
-
Орталық әсерлі αадреностимуляторлар
Метилдофа 
(альдомет, допегит, 
экибар)
10- 40 мг\кг
6- 12сағат
Феохромоцитомада 
және бауыр арулары-
ның өршу кезеңінде 
қолдануға болмайды
Алдын алу.
Тиімді тағамдану, семіздікпен күрес, ас тұзын артық қолданбау, күн
тәртібін бұзбау, гипокинезияны, артық ми жұмысын азайту, отбасында, мектепте
593


тыныштықты сақтау. АҚҚ жоғарылаған балаларды кезінде емдеу, кейін диспансерлік
бақылау. Үлкендердегі гипертония ауруы, инфаркт, инсульттардың негізгі алдын-алу жолы
бала кезде көрінген біріншілік АГ-ны жүйелі емдеу, сауықтыру арқылы ойдағыдай іске
асады.
9.7.3.
АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ұзақ уақыт бойына атеросклероз педиатриялық мәселе емес деген көзқарас басым
болды. Американдық авторлардың мәліметі бойынша (1987) 5 жасқа дейінгі балалардың
17% жүрек артерияларында атеросклеротикалық өзгерістер анықталады. Сөйте тұрсада
тамыр қабырғаларына май тіндерінің тұнуының алдында байқалатын, олардың
айтарлықтай өзгерістері балалық шақта қалыптаса бастайды. Күні бүгін бұл процессті
бірнеше сатыға бөледі: 
Бірінші сатысы:
тамырдың ішкі эластикалық жайылмасында жарылудың немесе
«сызаттың» қалыптасуы.
Екінші сатысы:
осы мүкістіктің бұлшықет жасушаларымен толуы және «бұлшықет-
эластикалық жайылманың» қалыптасуы.
Үшінші сатысы:
тамырдың өзгерген аймағында коллаген, кальций, липоидтар
жиниақталады да, «эластикалық гиперпластикалық жайылма» қалыптасады. Тамыр
қабырғасындағы өзгерістер, әдетте қайта қалыптаспайды және «...екіншісінің пайда болу
барысында, патогенетикалық драманың таза липоидты актасы атеросклероздың қортынды
морфологиясын және клиникалық көрінісін береді» (Воронцов И.М., 1999).
Атеросклероз-тұқым қуалаудың ультифакториальды ауруы,
бірақ оның аутосомды-
доминатты моногенді детерминирленген түріде (отбасылық дислипидемия) болады.
Атеросклероздың қаупі, жақын туысқандарында 50 жасқа дейін жүрек ишемиялық
ауруларының клиникалық көріністері айқын білінген, балаларға туады. Бұл топтағы
балаларда қанның құрамындағы липоидті спектрінің айтарлықтай өзгерістері анықталады.
Жалпы холестерин мөлшері айтарлықтай жоғары болады. Атеросклеротикалық
қатпарлардың пайда болуының алғашқы себептерінің бірі қабыну процессі дегенде
көзқарастар бар. Бұнда қабынудың катализатор ролінде инфекциялық агенттер (хламидия,
цитомегаловирус және басқалар) шығуы мүмкін. Инфекциялық-қабыну және иммундық
жауаптың нәтижесі болып келеді:
- жоғарыда көрсетілген тамыр қабырғасындағы өзгерістер;
- атеросклеротикалық қатпарлардың (зақымдалған тамыр қабырғасында атерогенді төмен
тығыздықты липопротеиндер фракциясының жинақталуына әкелетін) қалыптасуы.
Қазіргі кезде қалыптасуында иммундық жүйенің ерекшеліктерінің маңызы бар
екендігі талас тудырмайды. Төмен тығыздықтықты липопротеиндердің деңгейі мен
айналымдағы кішкене мөлшерлі иммундық кешендер санының арасында тіке байланыс
анықталған; атеросклероз даму «қаупі» топқа кіретін балалар қанында, құрамына
холестерин кіретін айналымдағы иммундық кешендер, 2 есе артық болып келеді. Балада
атеросклероз даму қаупі болса (семіздік, артериальды гипертензия, липидтік алмасудың
бұзылуы, қант диабеті, гипотиреоз, персистирленген «баяу» инфекция, шылым шегу және
т.б.) ерте балалық шақтан бастап атеросклеротикалық аурудың алдын алу шараларын іске
асыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   956   957   958   959   960   961   962   963   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет