-
белгілердің эпизодтылығы, олардың қысқамерзімділігі және стереотипсіздігі;
- макроқұрылымдық және гистологиялық деңгейде асқазанның органикалық зақымда-
лу
белгілерінің болмауы;
- белгілердің орталық және вегетативті нерв жүйесінің функциялық жағдайына
байланыстылығы;
- белгілердің алиментарлы және алиментарлы емес
факторлармен байланыстылығы,
невротикалық фон немесе басқа мүшелер мен жүйелердің аурулардың болуы;
ФД үшін жиі нервтік-вегетативтік тұрақсыздық (жоғары эмоциональдық, қозғыштық,
тершеңдік, ұйқысының бұзылуы, пульстің және қан қысымының өзгерімпаздылығы) фон
болып келеді.
Ең тұрақты белгісі
–
іштің ауруы. Іштің
ауруы көбіне ұстама тәріздес, колика
сықылды, тұрақты орналасатын жері (көбіне кіндік аймағында) болмайды. Спазматикалық
дәрілердің тиімділігінің диагностикалық маңызы бар. Диспепсиялық көріністер тән емес,
дегенмен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Баланы
қараған кезде пальциялағанда
ауырсыну негізінен эпигастриялық аймақта орналасады,
дегенмен ұстамадан кейін
жойылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: