Емі: Емі ЖБЖ-нің кезеңдеріне байланысты. Бастапқы сатысында негізгі емі
этиопатогенетикалық факторларға әсер ету:
- Шок және гиповолемия кезінде:
1) Қан айналым көлемін толтыру.
2) Диурезді қалыптастыру – көк тамырға тамшылы натрий хлорид изотониялық
ертіндісін (20 мл/кг) құю және жүктемеге айтарлықтай жауап болмаған жағдайда көк
тамырға тамшылы 20% маннитол ертіндісін құяды.
- Артериальды гипертензияда бүйректегі қан ағысты жақсарту үшін допамин (0,5-4,5
мкг/кг минутына) тағайындайды
- Іркілістік жүрек жетіспеушілігінде фуросемид (жүрек гликозидтерімен қосып)
қолданады
- Айқын гипопротеинемияда көк тамырға тамшылатып альбумин құйылады