Диспансерлік бақылау
жедел ИТП-да 5 жыл, созылмалы ИТП-да – бала ересектер
поликлиникасына ауыстырылғанша бақылауда болады. Алдын-ала егулері десенсибилиза-
циялаушы терапия фонында тек жедел кезеңнен соң 1 жылдан кейін жасалады. Тірі
вакциналармен егулерді жүргізуге болмайды. 3-5 жыл бойы климат алмастырылмағаны
абзал. Емдеу барысында тромбоцит қызметін бұзатын препараттарды (эндометацин,
бутадион, вольтарен, папаверин, курантил, пеницилин қатарының антибиотиктері,
аналгин, аспирин), сонымен қатар УКС және УЖЖ тағайындамаған жөн. Ауруханадан
шыққан соң алғашқы 3 ай сайын тромбоциттер санын анықтаумен шеткі қан анализі 2
апта сайын, одан соң 9 ай бойына айсайын, одан кейін 2 айда 1 рет, сонымен қатар әр
басынан кешірген инфекциялық аурулардан кейін жасалады. Ауруханадан кейін 3-6 ай
бойына қан тоқтататын шөптер жиынтығы, тромбоциттер мен өт шығуын стимуляция-
лайтын дәрілермен дәрілер тағайындалады. Соңғы көрсетілген ем екі айлық курспен 2-3
жылда қайталанып тұрады. Қан тоқтатын шөп жиынтығына мың жапырақ, жұмыршақ, су
бұрышы, жүгрі үлпілдегі, итмұрын және т.б. кіреді. Әр түрлі құрамда тұндырып, 1
стаканнан ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |