Мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін жедел көмек
.
Науқасты кеудесін
көтеріп отырғызады. Бұндай қалып мұрыннан аққан қан кейін ағып кетпей, алдына
қойылған ыдысқа (лотокқа жиналу үшін керек) жиналып, кеткен қан мөлемін анықтап
отыру үшін керек. Шүйдесіне мұз салған жылытқыш қояды, ол рефлекторлы жолмен қан
кетуді тоқтатуға ықпал етеді. Мұрын жолдарына гемостатикалық губка, 3% сутегі
тотығына малынған мақта немесе тампон тығады. Бұл көмек тиімсіз болса мұрынның
алдыңғы томпонадасы жасалады: 5% εаминокапрон қышқылына немесе сутегінің
асқынған тотығы ертіндісіне малынған дәкімен тампонада жасайды. Ал, ол көмектеспесе
артқы томпанада жасалады.
Қан кету тоқтамаса немесе қайталаса жалпы гемостатикалық дәрілер қолданылады –
венаға εаминокапрон қышқылы 0,1-0,2 г\кг, бұлшықетке 2,5% адроксон 1-2 мл-ден
тәулігіне 2-4 рет, дицинонның 12,5% ертіндісі 2-4 мл-ден әр 4-6 сағат сайын. Қайталап
байқалатын қан кетулерде, негізгі аурулардың алдын алумен қатар атрофиялық риниттің
алдын алу үшін мұрынға майлы ертінділер тамызады.
Достарыңызбен бөлісу: |