Патогенезі.
Лейкомогенздің жалпы қабылданған клондық теориясы бойныша
барлық лейкемиялық жасушалар, ерте жетілу кезеңінде өзінің жіктелуін тоқтатқан, бір
негізін салушы жасушалар ұрпағы.
Лейкемиялық ісік-өзін-өзі қолдайтын, қалыпты қан түзілуін тежейді, метастазалады,
қан жасаушы мүшелерден тыс өседі. Лейкемиялық жасушалар клонының бірі бөлігі
активті пролиферацияланады, «өсіші фракциясы» болса, екінші бір бөлігі – «мүлгіген
фракциясы», тыныштық фазасында тұратын жасушалардан тұрады. Лейкоздың
клиникалық белгілері айқындалған кезде лейкоздық клон саны 10
12
жасушадан тұрады.
Бұнша жасуша саны жасалу үшін ең болмағанда 1 жыл, ең көп болғанда 10 жыл, орта
есеппен 3,5 жыл қажет деп есептеледі. Осыған орай, жедел лейкозбен (ЖЛ) ауырған
блаларда лейкемогенез мехнизмін қозғаушы фактор перинатальды кезеңде әсер ететін
болса керек деген көзқарас туған. Жедел лейкоздағы сүйек миында ісіктік прогрессияның
ерекшелігі қалыпты қан түзілудің басылуы болып келеді және осымен шеткі қанда
анықталатын ЖЛ тән өзгерістер (анемия+нейтропения + тромбоцитопения) пайда болу
механизмін түсіндіреді. Сонымен, лейкоз патогенезі – клетканың бөлінуінің бұзылуы,
олардың мамандандырылуы күрт өзгеріп, реттеулерге бой бермеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |