Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1209/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1205   1206   1207   1208   1209   1210   1211   1212   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникасы.
Ауру ағымын 5 кезеңге бөледі:
бастапқы;
өршу;
сауығу (ремиссия);
қайталау (рецидив);
терминальды;
Бастапқы 
кезең клиникалық белгілерінің көп полиморфизімен сипатталады. Бірақ
басым көрінетін белгілеріне жалпы интоксикация (жайсыз көңіл-күй, тәбет төмендеу,
шаршау); тері жамылғысының бозғылттығының үдемелігі, дене қызуының кезеңді
жоғарылауы, сүйек, буындағы белгісіз ауырсынулар, лимфа түйінінің ұлғаюы тән.
Өршу кезеңі.
Бұл кезеңде ауру көрінісі әртүрлі және организмнің барлық маңызды
жүйесін қамтиды.
Негізгі белгілер кешендері:
- айқын интоксикация белгілері (дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, ұйқышылдық,
дене салмағын жоғалту).
- Геморрагиялық синдром (қан ағу мен қан құйылулар).
- Анемиялық синдром (тері мен кілегей қабаттардың тез бозаруы, эритроцит пен гемо-
глобин деңгейінің азаюы, тромбоцитопения, лейкоцитоз)
- Сүйек тінінің зақымдалуы (білезік, табандардың ісінуі, сүйектерде ауырсынулардың
күшеюі, полиартрит көрінісі, жүрісінің өзгеруі, сүйектің сынуы).
- Пролиферативті синдром (бауыр, талақ, барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы – лимфо-
аденопатия).
Осы кезеңде жүрек – тамыр және тыныс алу жүйесі жағынан да айқын өзгерістер
көрініс береді (жүрек ұшы мен негізінде систолалық шу, жөтел, ентігу және т.б.).
Асқазан-ішек жолы бойынша функциялық өзгерістер байқалады (ішінің ауыруы,
тәбетінің төмендеуі, дискинезия, құсу және т.б.).
Сауығу (ремиссия) кезеңі
. Қазіргі емдеу әдістерін қолдануға орай лейкоз
ағымында жақсару кезеңдері анықталынған. Толықтай ремиссия кезінде клиникалық
көріністер жойылады, қан анализі жасына сай болады. Жартылай сауығу кезінде
клиникалық белгілері жойылады, ал шеткі қан көрсеткіштерінде, тек олардың жақсарғаны
ғана байқалады. 
Қайталу (Рецидив)
кезеңінде лейкоздық процесстің клиникалық көрінісі мен қан
анализіндегі өзгерістер қайтадан пайда болып, үдейді.
Терминальды кезеңде
аурудың барлық басты көріністері анық байқалады, ішкі
мүшелерде қайтымсыз өзгерістер дамып, өлімге әкеледі. Жиі балалар қан кетуден өледі.
Диагностика.
Жедел лейкозды анықтау үшін шеткі қан анализі, миелограмма,
цитохимиялық зерттеулер жасалады.
Басты гематологиялық белгісі: шеткі қан анализінде жетілмеген патологиялық бласт
клеткаларының пайда болуы анемия, тромбоцитопения. Лейкоцит деңгейі жоғары немесе
төмен, ЭТЖ жоғары болады. Лейкозға күмән туса стернальды пункция жасалып,
миелограмма тексеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1205   1206   1207   1208   1209   1210   1211   1212   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет