Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1205/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1201   1202   1203   1204   1205   1206   1207   1208   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

14.6. ГЕМОБЛАСТОЗДАР
Гемобластоздар –
қан түзу жасушларынан пайда болатын ісіктер
. Оларға
лейкоздар мен сүйек минынан тыс ісіктер (гематосаркомалар) жатады. Балалар мен
жасөспірімдер арасында гемобластоздар бірінші орын (44%) алады. 
14.6.1. Лейкоздар –
сүйек миында патологиялық процесстің біріншілік
орналасуымен жүретін қан түзу тіндерінің қатерлі ісіктерінің жалпы атауы
. Балалар
арасында лейкоздар 2 -4 жас аралығында жиі кездеседі. Барлық балалар онкологиялық
ауруларының 1/3 құрайды. Ер балаларда жиірек кездеседі. Лейкоздарды жедел және
созылмалы етіп бөледі. Бұл бөлу ағым сипатын, клиникалық ерекшеліктерін, шеткі қан
морфологиялық құрылымын қамтіды.
Этиологиясы
анықталмаған. Онкогендер болып тәжрибеде жануарларда лейкоз және
Т-жасушалы лимфома шақыратын, рентровирустарға гомологиялық болып келетін
жасушалық гендер. Антенатальды кезеңде беріледі, адамдарда трасформацияланған
мутантты жасушалар пайда болуына, яғни алғашқы қатерлі ісік пайда болуына әкеледі
немесе адам организмінің қорғаныс факторларымен жойылып жіберіледі, болмаса өсуі
тежеледі.
Екінші жағдай: транцформацияланған жасушалар клонында екінші мутация жүреді,
болмаса қорғаныс факторларының әлсіреуіне (перинатальды немесе постнатальды кезеңде
әкелуі мүмкін) әкеледі. Екінші жағдайға әкелетін себеп вирусты инфекцияларға
байланысты болса керек. Лейкозбен ауруы мүмкіндігін артыратын факторларға жатады:
біріншілік және екіншілік иммундық жетіспеушіліктер, апластикалық анемиялар,
миелодисплазиялар, сәулелендіру, кейбір химиялық заттар (мысалы, бензол), ісіктерде
цитотоксикалық және ретгенологиялық әсерлер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1201   1202   1203   1204   1205   1206   1207   1208   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет