Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1238/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1234   1235   1236   1237   1238   1239   1240   1241   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникасы.
Туа біткен гипотиреоздың бастапқы симптомдары осы ауруға тән емес.
Тек біртіндеп пайда болатын белгілердің жиынтығы толық клиникалық көріністі айқындай
бастайды.
Ерте постнатальды кезеңге тән белгілер болып саналады:
• күні асқан жүктілік (40 аптадан көп); 
• нәрестелер ірі дене салмағымен туылады. Асфиксия болу ықтимал;
• беті, ерні, қабақтары ісінген, аузы жартылай ашық, тілі жалпайған;
• алақанның, табанның сырт жағында, бұғана шұңқырында «көпшік» тәрізді шектелген
ісіктер;
• мерзіміне жеткен жүктілікке қарамастан жетілмегендіктің белгілері; 
айқайлаған, жылаған кезде жіңішке, дөрекі дауыс;
• меконийдың кешігіп шығуы;
• кіндік бауы қалдығының кеш түсуі, кіндік жарасының эпителизициясының нашарлауы;
• сарғаюдың ұзаруы.
Одан әрі (өмірінің 3-4 айында), егер емдеу басталмаса басқа клиникалық симптомдар
пайда болады:
тәбетінің төмендеуі, жұтудың қиындауы;
• салмақ қосудың азаюы;
• іштің кебуі (метеоризм), іш қату;
тері жамылғысының бозаруы, құрғауы, қабыршақтануы;
• гипотермия (саусақтары мен башпайларының салқындауы);
• шаштарының реңсіз, құрғақ, сынғыш болуы;
• бұлшық ет гипотониясы.
Кейін кешірек мерізімдерде, яғни өмірінің 5-6 айларында бірінші кезекте баланың
психомоторлық, физикалық дамуының тежелуі айқындалады.
• Гипотиреозы бар балалардың дене пропорциясы емдеусіз хондродистрофиялық сияқты
кейіпке жақындайды, бет сүйектері дамуының қалыс қалуы (кең, түсіп кеткен кеңсірік,
гипертелоризм, еңбектерінің кешігіп жабылуы), тістерінің кеш шығуы және ауысуы;
балаларда кардиомегалия, жүрек тондарының тұйықталуы, АҚҚ төмендеуі, пульстік
қысымның азаюы, брадикардия анықталады
• туа біткен гипотиреоз бар балалардың даусы жіңішке, дөрекі, жиі мұрын-ерін үш
бұрышының цианозы, стиридорозды тыныс байқалады;
• іштің кебуі, кіндік жарығы;
• қалқанша без көп жағдайда анықталмайды (даму ақауы болғанда) немесе керісінше
ұлғаюы мүмкін (тұқым қуалайтын тиреоидты гормондардың синтезінің бұзылыстары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1234   1235   1236   1237   1238   1239   1240   1241   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет