Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1246/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1242   1243   1244   1245   1246   1247   1248   1249   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ажырату диагностикасы.
Жайылмалы уытты жемсауды көптеген аурулардан
саралап анықтау қажет. Жасөспірімдік кезеңде вегетативті-қан тамырлық дистониямен
741


бірлескен қалқанша бездің эутиреоидты ұлғаюын жиі жайылмалы уытты жемсаумен
шатастырады. Екі аурудың ұқсастығы, екеуіндеде ашушаңдық, тершеңдік, тахикардия, бас
ауру, қан қысымының жоғарлауы кездеседі.
Вегетативті-қан тамырлық дистонияға арықтау тән емес. Науқастың пульсі тыныш
жағдайда құбылмалы және ұйқтаған кезде азайады. Алақаны, табаны және қолтығы
тершең болады. Саусақтарының акрацианозы байқалады. Артериалды және пульстік қан
қысымының жоғарлауы тұрақсыз.
Саусақтардың дірілі тұрақсыз олар, көңілін басқаға аударғанда азайады немесе
мүлдем жойылады.
Жайылмалы уытты жемсауы бар кейбір науқастарға «ревматизм» диагнозын қояды.
Екі ауруға тән жалпы симптомдар болып, жүрек тұсында аурысыну, тахикардия, систола-
лық шу, әлсіздік, қылтамырлық пульс саналады. Бірақ ревматизмге жүрек тондарының
тұйықталуы, акроцианоз, бозғылттық, систолалық қысымның төмендеуі тән. Ал жайылма-
лы уытты жемсауға көздік симптомдармен, қалқанша бездің ұлғаюымен нақтыланады.
Осы ауруда жүрек тондары анық, тиреоидты гормондар деңгейі күрт жоғарлаған.
Ажырату диагностикасын сондай-ақ, жедел іріңді және жеделдеу тиреоидитпен,
аутоиммунды тиреоидитпен, қалқанша бездің функционалды белсенді түйіндерімен
жүргізу қажет.
Емі.
Жайылмалы уытты жемсауы бар науқастар ауруханада емделеді. Емнің
консервативті және хирургиялық әдістері бар. Ауруханада науқас балаларға 3-4 аптаға
төсектік тәртіп тағайындалады. Қосымша ақуыздар, майлар және витаминдер қосылған
физиологиялық емдәм (диета) беріледі. Емдәм құрамын кальцийге бай тағамдармен
көбейту қажет, өйткені кальций тироксинның тіндерге әсерін төмендетеді, керісінше
калийге бай тағамдарды азайту керек.
Жайылмалы уытты жемсаудың консервативті емінің негізгі дәрілері болып, жиі тио-
несепқышқылының туындылары есептеледі. Ең нәтижелісі және уыттылығы аз метимизол
(мерказолил) саналады. Ол моно- және дийодтирозиннің өзара әсер ету деңгейінде
тежеуші ықпал етеді. Кәзіргі кезде йод дәрілерін жеке ем түрінде қолданбайды.
Емнің бастапқы кезінде метимизолды тәулігіне 0,5-1,0 мг/кг салмаққа есептеп 2-6
аптаға тағайындайды (жеңіл түрінде – 10-15 мг, орташа ауыр түрінде – 20-30 мг, ауыр
түрінде – 30-40 мг). Тиреотоксикоз азайғаннан кейін және эутиреоз жағдайына жеткесін
дәрінің мөлшерін сүйемелдеуші – жасөспірімдерге 15 мг және кіші жастағы балаларға 10
мг мөлшерге дейін азайтады. Сүйемелдеуші мөлшерді қабылдаудың ұзақтығы аурудың
жеңіл дәрежесінде – 6 ай, орташа-ауыр дәрежесінде – 1 жылға дейін, ауыр дәрежесінде – 5
жылға дейін.
Тиреостатикалық дәрілердің максималды мөлшерінің фонында тиреоидты
гормондардың биосинтезінің біршама тежелуі ықтимал. Сондықтан тиреостатиктерді
қолданғанда 3-ші аптадан бастап, жемсаулыққа әсер етуді азайту және тиреоидты
гормондар тапшылығын компенсациялау үшін тиреостатиктермен бірге азғантай
мөлшерде тиреоидты дәрілерді (L-тироксин 0,025-0,05 мкг) 2-3 аптаға тағайындап
эутироидты жағдайға жеткеннен кейін біртіндеп азайтып тоғарады.
Тиреостатиктермен емдеуді қалқанша бездің ұлғаюы I дәрежеден артпаса және
тұрақты ұзақ эутиреоз болғанда тоқтатады.
Сүйемелдеуші тиреостатикалық ем алып жүрген науқастарға инфекциялық аурулар
қабаттасқан жағдайда, қысқа мерізімге дәрінің мөлшерін көтеріп, кейін тез алғашқы
мөлшерге ауысу қажет. Метимизолмен емделгенде ретті (аптасына 1 рет) қан анализін
өткізіп тұру қажет, өйткені дәрі ұзақ тұрақты лейкопения, нейтропения, ал кейбір
науқастарда тромбоцитопенияны, анемияны тудыруы ықтимал.
Қан өндірілу тежелген жағдайда метимазолдың дозасын азайту немесе уақытша емге
үзіліс жасау қажет. Бұл кезеңде гемопоэзді ынталандырушы дәрілермен витаминдер, ал
кейбір жағдайларда глюкокортикоидтар тағайындау керек. Тиреостатикалық дәрілермен
бірге гемопоэзге уытты әсер ететін дәрілерді тағайындауға болмайды.
742


Тиреостатикалық дәрілермен бірге β-адреноблокаторлар (индерал, анаприлин, обзи-
дан) тағайындалады. Бұл дәрілер адренорецепторлардың катехоламиндерге сезімталдығын
азайтады және белсенді емес реверсиялық Т

гормонның түзілуін арттырады.
Науқастарға кеңінен тыныштандырғыш дәрілер мен транквилизаторлар (элениум,
седуксен, триоксазин, бром, валериана) қолданылады.
Жайылмалы уытты жемсаудың орташа және ауыр дәрежесінде витаминдер (А, С, В
1
,
В
2
, В
12
, В
15
), кокарбаксилаза, АТФ, кальций дәрілері тағайындалады.
Жайылмалы уытты жемсаудағы тиреотоксикалық күйзеліс шұғыл емдік шараларды
талап ететін ургенттік жағдай болып есептеледі. Ол шаралар ең алдымен тиреоидты
гормондардың деңгейін түсіруге, жедел бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігіне, дегидрата-
цияға, гипертермияға, метаболизм бұзылыстарына қарсы күреске бағытталуы керек.
Тиреотоксикалық күйзелісті емдеуді йод және тиреостатикалық дәрілерді енгізуден
бастайды. Метимазолдың бастапқы дозасы ішке 40-тан 80 мг құрайды. Егер жұта
алмағанда зонд арқылы енгізеді. Емдеуде йодит натрий негізіндегі 1% люголды (100-150
тамшы 1000 мл 5% глюкоза ертіндісіне араластырып) көк тамырға тамшылатып немесе
10-15 тамшы ішке әрбір 8 сағат сайын беру нәтижелі болып саналады.
Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне қарсы күрес үшін глюкокортикоидты дәрілер
қолданылады. Көк тамырға тамшылатып гидрокортизонды 50-100 мг аскорбин
қышқылының үлкен дозасымен бірге енгізіледі. Тамырлық жетіспеушілікте ДОКСА
тәулігіне 5-10 мг енгізіледі.
Үлкен дозада β-адреноблокаторлар (10-30 мг ішке 4 рет) немесе 0,1% обзидан немесе
индерал артериалды қысымды және пульсті қадағалап 1,0 мл бастап көк тамырға
тағайындауға болады. Оларды біртіндеп тоғарады. Ішке 0,1-0,25 мг мөлшерде тәулігіне 3-4
рет тағайындалады.
Жүрек-қан тамырлық дәрілер (корглюкон, кордиамин) жүрек жеткіліксіздігі
өрбігенде қолданылады. Айқын микроциркуляция бұзылыстарында реополиглюкин,
гемодез, плазма инфузиясы ұсынылады. Дегидратацияға қарсы күрес мақсатында 1-2 литр
5% глюкоза ертіндісін физиологиялық ертіндімен қосып тағайындайды. Тамшылатқышқа
витаминдер (С, В
1
, В
2
, В
6
) қосады.
Гипертермияға қарсы физикалық салқындату (магистралды қан тамырларына
мұздатылған қаптар, теріні спиртпен сүрту) әдістер қолданылады немесе анальгин,
парацетамол енгізіледі.
Антибиотиктер тиреотоксикалық криз кезінде инфекцияның алдын алу мақсатында
немесе созылмалы инфекция ошақтары болғанда тағайындалады.
Консервативті емнен нәтиже болмағанда хирургиялық емдеуді қолдану қажет.
Жайылмалы уытты жемсаудың операциялық емге көрсетілімі болып саналады: 
1.
Консервативты емнен 6 ай бойы нәтиженің болмауы
2.
Жемсаудың III және оданда жоғарғы дәрежесінің болуы
3.
Қалқанша бездің тінінде түйіндердің болуы
4.
Тиреостатикалық дәрілерді көтере алмау немесе оларға аллергиялық
реакциялардың болуы.
5.
Тиреостатикалық дәрілерден ұзақ тұрақты лейкопенияның (2х10
9
/л дейін)
болуы.
Операцияның алдындағы дайындықты ауруханада 1-2 ай бойы консервативті
емдеудің ұстанымдары сияқты жүргізеді. Тиреотоксикоз симптомдарын мүлдем жою үшін
осы емді жүргізеді. Операцияның алдында 2 апта бұрын қан кетушілікті азайту
мақсатында құрамында йоды бар дәрілер тағайындайды.
Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің алдын-алу мақсатында оташылық
шараның алдында 2 апта бұрын кортикостероидтар, жиі 5-15 мг мөлшерде преднизолон,
ал операцияға бір күн қалғанда – 25-50 мг гидрокортизон беріледі.
Операциядан кейін ерте және кеш асқынулар болуы мүмкін. Жақын күндер мен
айларда өрбитін ерте асқынуларға қан кету, қайырлмалы нервтің парезі, қалқанша маңы
743


безінің ісінуінің салдарынан гипопаротиреоз, тиреотоксикалық криз. Бір жылдан кейін
оданда кеш асқынуларға аутоиммундық процестердің дамуына байланысты гипотиреоз,
гипопаратиреоз және қалған қалқанша және қалқанша маңы бездері тіндерінің
склерозының дамуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1242   1243   1244   1245   1246   1247   1248   1249   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет