Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Балалардағы семіздікті бағалау әдістері



Pdf көрінісі
бет1249/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1245   1246   1247   1248   1249   1250   1251   1252   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Балалардағы семіздікті бағалау әдістері.
 
Әдетте салмақ балалық шақта процен-
тильді кестелермен бағаланады, 85-95 аралығындағы процентилдегі дене салмағы шама-
дан тыс артық салмақты, ал 95-ті процентилден жоғары – семіздік деп бағаланады. Дене
салмағының жасына байланысты қалыпты шамадан жоғарлауы былайша болып бөлінеді:

15-25 % - 1-ші дәрежелі семіздік.

26-50% - 2-ші дәрежелі.

51-100% - 3-ші дәрежелі.

100% жоғары - 4-ші дәрежелі.
Қазіргі кезде дене салмағының индексі (Кетле индексі) туралы түсінік ұсынылды.
ДСИ келесі формула бойынша есептеледі: ДСИ = дене салмағы (кг)/дене ұзындығы
(метр
2
) .
744


<18,5 ДСИ – дене салмағының жетіспеуі
18,5-24,9 – қалыпты дене салмағы
25 - 29,9 – артық салмақ
30-34,9 – I дәрежелі семіздік
35-39,9 – II дәрежелі семіздік
40 және жоғары – III дәрежелі семіздік
Әдетте ДСИ (Кетле-2) жастан және одан ересек балалардағы семіздікті бағалау үшін
қолданылады.
Семіздікті сонымен қатар трицепс және бұғана асты аймақтарындағы тері
қыртысының қалындығымен бағаланады. Бұл әдістің жетіспеушілігі – науқастың бой
ұзындығы есепке алынбайды. Трицепс аймағындағы тері қыртысының қалыңдығының
бұғана асты қыртысына қатысын орталық типті семіздікті бағалау үшін қолданылады.
Балалар мықын және сан шеңберін өлшеу, іш қуысының май тіндерін жанама бағалауда
мәлімет береді. Висцералды майдың жиналуы семіздікте қосымша аурулардың дамуына
маңызды қауіптілік факторы болып табылады.
Семіздіктің жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Тәжірибелік жұмыста жиі Д.Я.
Шурыгин жіктемесі қолданылады:
I.
Біріншілік семіздік түрлері:
1)
алиментарлы-конституциональды
2)
нейроэндокринді:
а) гипоталамо-гипофизарлы;
б) адипозогенитальды дистрофия;
II.
Екіншілік семіздік түрлері:
1)
церебралды;
2)
эндокринді:
а) гипотиреоидты;
б) гипоовариальды;
в) климактериялы;
г) бүйрек үсті безілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1245   1246   1247   1248   1249   1250   1251   1252   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет