Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1251/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1247   1248   1249   1250   1251   1252   1253   1254   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Патогенезі.
Тіндерде липогенез және липолиз процесстері жүйкелік және нейроэн-
докринді механизммен реттеледі. Бұл барлық механизмдердің реттеушісі гипоталамустың
артқы ядросы – өзіндік тағамдық орталық, тіндерден импульсті қабылдап, оны бас
миының қыртысына жібереді. Бұл адамның тағамдық тәртібін, ашығу және тою сезімдерін
анықтайды. Май тіні ақуыз-лептинді синтездейді (грек сөзмен «лептос» – әдемі, жұқа),
лептин адипоциттерде түзіледі, қанға түсіп, гипоталамус құрылымына әсер етеді де
тәбетті төмендете отырып, тою сезімін күшейтеді. Мида басқа ақуыз – нейропептид G
түзіледі және қорланады, лептинге қарама-қарсы ол ашығу сезімін күшейтеді. Қалыпты
жағдайда «лептин – нейропептид G» жүйесі сәйкестік жағдайда жұмыс жасайды, ал
патологияда бұзылады, жиі, сол кезде булимия және анорексия дамиды. Семіздік кезінде
май тінінің адренорецептор-ларының симпатомиметиктерге сезімталдығы (адреналин
және норадреналин) төмендейді. Осының салдарынан гипоталамус ядросы май тінінен
шыққан қанығу белгісіне – лептиннің түсуіне жауап бермейді, керісінше қуатты жинау
және липогенез процестерін күшейтетін нейропептид G түзілуі жалғаса береді.
Семіздіктің дамуында, вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі
тонусының, симпатикалық бөлімінен басым болуы салдарынан липолиздің төмендеуіде
маңызды орын алуы мүмкін. Бұл инсулин түзілісінің күшеюне алып келеді. Инсулин май
тіндерінде триглицеридтердің синтезделуін бейімдейді. Майдың шектен тыс жиналуы
гипоталамус қызметінің өзгерісіне, АКТГ секрециясының жоғарлауына және
гиперкортицизмге, басқа эндокринді бездер қызметінің қайта құрылуына әкеледі.
Эндокриндік аурулар кезінде симптоматикалық семіздік май ыдыратушы гормондар
(тироксин, трийодтиронин, глюкагон және т.б.) өнімінің жеткіліксіздігіне байланысты,
липолиздің төмендеуіне алып келеді. Бұл май қорын қуат көзі ретінде жеткіліксіз
пайдаланылуына себебкер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1247   1248   1249   1250   1251   1252   1253   1254   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет