Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1247/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1243   1244   1245   1246   1247   1248   1249   1250   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

15.4. СЕМІЗДІК
Семіздік

бұл тері асты шелмайы және организмнің басқа да жерлерінде
майдың шектен тыс жиналуы, нәтижесінде дене салмағының қалыптадан 10% және
одан да көп жоғарлауы.
Семіздік жеке ауру болуы немесе басқа аурулардың белгісі
ретінде айқындалуы мүмкін. Себептері болып эндокринді бездер қызметінің бұзылуы
және ОНЖ зақымдалуы табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің семіздігі қазіргі денсаулық сақтаудың өзекті
мәселесінің бірі болып саналады. Бүкіл әлемде семіздігі бар балалар саны тоқтаусыз өсіп
келеді және әр үш онжылдық сайын екі есе жоғарлап отыр. Қазіргі кезде дамыған елдерде
15% жасөспірімдер семіздікпен ауырады, ал 25%-ға дейін дене салмағының шамадан тыс
артуы байқалады. Семіздік ауылдықтарға қарағанда қала балаларында жиі дамиды. Қала
балалары аз қимылдайды және жоғары калориялы тазартылған тағамдармен жиі
қоректенеді. Кіші жастағы балалар тобында семіздік қыз балалар мен ер балаларда бірдей
жиілікте кездеседі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында қыз
балаларда басым (2:1) кездеседі.
Семіздік балалық шақта дамып, бірнеше онжылдықтар бойы сақталады. Семіз
балалардың 80% жуығында ересектік кезінде де семіздік сақталады. Атеросклероз,
жүректің ишемиялық ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті, бауыр және өт қабы
аурулары қалыпты салмақты адамдармен салыстырғанда салмағы артық адамдарда 3-9 есе
жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1243   1244   1245   1246   1247   1248   1249   1250   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет