15.2.1.1. ТУА БІТКЕН ГИПОТИРЕОЗ Туа біткен гипотиреоз –
балалардағы қалқанша без ауруларының арасында өте жиі кездесетін ауру. Осы аурудың жиілігі 1 науқастың 3,5-4 мың жаңа туылған
нәрестелермен 1-нің 6-7 мың нәрестеге шаққандағы аралығында кездеседі. Ауру ер
балалармен салыстырғанда қыздарда екі есе жиі кездеседі.
Этиологиясы: Туа біткен гипотиреоз 75-90% жағдайда қалқанша бездің даму
ақауының – гипо- немесе аплазиясының нәтижесі болып саналады. Жиі гипоплазия, бездің
тілдің түбіріне немесе кеңірдекке эктопияланған түрінде кездеседі. Қалқанша бездің даму
ақауы құрсақішілік дамудың 4-9 апталарында келесілердің салдарынан қалыптасады:
-
анасының вирусты ауруларынан;
-
анасындағы қалқанша бездің аутоиммундық аурулары;
-
радиация (мысалы, медициналық тексеру кезінде, жүкті әйелге радиоактивті йодты
енгізу);
-
дәрілер мен химиялық заттардың уытты әсері.
Туа біткен гипотиреозға 10-25% жағдайда генетикалық детерминизациаланған
гормондар синтезінің бұзылыстары, сондай-ақ Т3, Т4 немесе ТТГ-ға кірпікшелердің
тұқым қуалайтын ақауы алып келеді.