Эпидемиологиясы.
Инфекцияның шығу тегі – тек ауру адам.
Таралу жолдары
: 1).
жыныстық қатынас (үлкендер мен ересек балаларда – гомо- және гетеросексуальдық;
біріншісі жиілеу); 2) гемотрансфузиялық (инфекциялық түгел қан немесе онын компонен-
ттерін – плазма, тромбо-, лейко-, эритро-масса, қан ұю факторлары концентраттарын құю);
3) перинатальдық, олардың түрлері: а) антенаталдық, трансплацентарлық – инфек-цияға
ұшыраған анасынан; б) интранатальдық, бұл босану кезінде анасының инфекциялы туу
жолдарымен нәресте жүргенде жұғуы мүмкін, дегенмен, бұл жол түпкілікті
дәлелденбегендіктен балаға жұқтырмау ретінде алдын-ала барлық жүкті әйеддерге кесар
тілігін жасаудың жөні жоқ; 4) инфекциялық және аспаптық – вирус жұққан шприц, ине,
катетерлер және т.б. қолдану; 5) трансплацентарлық (инфекциялы ағза, сүйек майын
еңгізу, инфекциялы спермамен жасанды ұрықтандыру); 6) сүт арқылы сәбиге инфекциялы
ана сүтінін берілуі); Элистада жаңа жол анықталған тәрізді, ол – госпитальдық жолмен
инфекцияны баланы емізу кезінде анасының емшек үрпісінің жарықтары арқылы
жұктыруы мүмкін деген жорамал; 7) кәсіби және үй-ішілік – зақымданған тері мен
кілегей қабаттары арқылы ВИЧ-инфекцияға ұшырағандар қан немесе түрлі секреттермен
қатынасу кездерінде (қынап шырышы, емшек сүті, жаралардан ағу, жұлын сұйығы,
кеңірдек, плеврадағы заттар т.б.).
АҚШ-та СПИД (ЖИТС) ауруларынын 0,5 %-ы инфекцияға кәсіби қатынастар
бойында ұшыраған. Осымен қатар, ВИЧ СПИД-пен ауырғандармен сілекей, көз жасы, ауа-
тамшылық, жолмен және су, тағам қатынастары арқылы берілмейтіні анық. СПИД
ауруларынан сілекей, көз жасы, зәр, нәжістен вирус бөлінгенімен, 1990 жылдың
қарашасына дейін аэрозоль, тағам немесе басқа жоғарыда көрсетілген жолдар арқылы
инфекция жұғу туралы дәлелді дерек болған жоқ.
СПИД-пен ауырғандар ішінде балалардың үлесі түрлі елдерде 2%-дан (АҚШ) 20-
40%-ға дейін, соңғылары ВИЧ-инфекциянын көп болмай, жұғудың госпиталдық типі
басым мемлекеттерге тән. АҚШ-та балаларда ВИЧ-инфекция жолы негізінен
антенаталдық (перинаталдық) аурулардың 80%, бұдан кейінгі орындарда – қан немесе
оның бөліктерін құюдан сон – 11%, гемофилия және басқа коагулопатиялар бойында – 5%;
қалған 3% ауруларда таралу жолы белгісіз. 1980 жылдардың басында АКШ-та гемофилия
ауруларының 80-90%-на дейіні ВИЧ- инфекция жұқтырғандар болып шықты.
Түрлі зерттеушілер тобы мәліметтері бойынша жыл сайын 3-6% ВИЧ-ке ұшыраған-
дарда СПИД өрбіп, жұқтырғаннан соң 5 жыл өткен соң аурулар саны 30-35%-ға
жоғарылайды.
ВИЧ-ке ұшыраған аналардан туылған балалардың орта есеппен 30-35 %-да ВИЧ-
инфекциясы өрбиді. Егер әйел бір ВИЧ-ке ұшыраған бала туса, келесі жүктілікте
нәрестенің ВИЧ-ке ұшырау күдігі 50%-ға дейін өседі.
ВИЧ-ІІ туғызатын СПИД ВИЧ–І-ге қатысты түрінен клиникасы бойынша
айнымайды. Әзірше бұрынғы КСРО-да ВИЧ-ІІ инфекциясы анықталған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |