Стеноздаушы (тарылтушы) ларингит
Стеноздаушы ларингит дегеніміз көмей аймағында тыныс алу жолдарының
өткізгіштігінің бұзылысымен және тыныс жетіспеушілігі құбылыстарының дамуымен
жүретін жедел ауру.
Даму механизмі:
1. Дыбыс саңылауы аймағындағы тарылу;
2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі
3. Көмейдің саңылауында қақырықтың жиналуы.
Клиникалық көріністер:
- дауысының қарлығуы
- дөрекі «үрмелі» жөтел;
- тыныс жетіспушілігінің көріністері (бала мазасыз, инспираторлы ентігу, цианоз
пайда болады, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады: мұрын қанаттары,
қабырғааралық бұлшықеттер, диафрагма т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |