Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Эндогендiк витамин тапшылығы



Pdf көрінісі
бет676/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Эндогендiк витамин тапшылығы:
1) резорбциялық, яғни витаминдердiң асқорыту
жолдарында ыдырауы немесе сорылу бұзылысына байланысты; 2) диссимиляциялық, яғни
тiндердiң витамин сiңiру қабiлетiнiң бұзылуы. 
Резорбциялы гиповитаминоз аурулармен байланысты болуы мүмкiн 1) асқазан
ауруларында (қышқыл түзу қабiлетi төмендегенде, әсiресе, ахилияда В, С, РР витаминдерi
ыдырайды; ал асқазанның түбi жарақатанғанда гастромукопротеин түзiлiсiнiң бұзылысы
бой алып, В
2
, витаминiнiң сорылуы бұзылады, сөйтiп мегалобластық анемия дамиды;
гиперацидтық жағдайларда А, С, РР гиповитаминоздары дамиды; 2) өт қабы
науқастарында (созылмалы гепатит пен цирроз, өт-тас ауруы, өттiң қоюлану синдромы, өт
жолдарының атрезиясында оның жеткiлiксiз түсуiне байланысты майда еритiн А, К, Е, Д
витаминдерiнің тапшылығы дамиды; З) iшек кеселдерi (целиакия және басқа
мальабсорбция синдромдары, энтероколиттер) А, К, U, Д, Р, С және В тобының
гиповитаминоздарына соқтырады. 
Диссимиляциялық гиповитаминоз ауыр түрде және ұзаққа созылған әрбiр инфекция-
лық ауруларда, әсiресе, қызуы аса жоғары болғанда дамиды; бұдан басқа себепші жағдай-
лар: тамақта көмiрсулардың мол болуы, белоктар кемiстiгi, шамадан тыс жүктемелер әсерi
т.б. «Витаминге тәуелдi аурулар» терминi заттек алмасу бұзылыстарымен жүретiн ерекше
кеселдер тобын бiрiктiредi. Ю.Е. Вельтищев бойынша бұл ауруларда негiзгi кемiстiк
себептерi төмендегiдей болуы мумкiн: 
1) апофермент молекуласының мутациясы салдарынан кофермент пен апофермент
байланысынын өзгеруi; 
2) витаминдердi кофермент немесе аллостериялық әсерлi заттарға ауыстыратын фермен-
ттер мутациясы; 
З) витаминдердi қанмен немесе мембрандық тасымалдауына қатысы бар белоктардың
мутациясы. 
Витаминтәуелдi жағдайларда аздап болса да ферменттердiн қалдық белсендiлiгi
болады, осыдан организмге витаминдердiн көп мөлшерi түскен кезде (витаминдердiң
фармакологиялық мөлшерi) фермент кемiстiгi бар белокпен қосылып, оның белсендiлiгi
арытады. Кей кездерде витаминдердiң фармакологиялык мөлшерi ферменттер түзiлiсiн
күшейтiп, олардың катысуымен белсендi қосылыстар мен кофакторлар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   672   673   674   675   676   677   678   679   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет