Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет930/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   926   927   928   929   930   931   932   933   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ақыры 
 
іріңді және
 
адгезивті перикардиттерде қатерлі болады. 
9.4. ЫРҒАҒЫ МЕН ӨТКІЗГІШТІГІІҢ БҰЗЫЛУЫ
Балаларда жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылулары

әртүрлі
факторлардың әсерінен пайда болатын, өткінші немесе тұрақты сипатты және
жағымды немесе гемодинамиканың бұзылуымен өтетін, физиологиялық немесе
патологиялық жағдайлар.
Аритмиялар көптеген балаларда кездеседі. Олардың көбі жеке даму процессін,
әсіресе белсенді даму кезеңінде, функциялық (өткінші) болып келеді. Жүрек ырғағы
бұзылған балалардың шамамен 20-30%-да жүрек аурулары немесе басқа патологиялық
жағдайлар анықталады.
Этиологиясы.
Импульстің жасалуы мен өтуінің бұзылуы туа біткен немесе пайда
болған сипатты және әртүрлі себептердің әсерінен болуы мүмкін.
Жүрек аурулары
– туа біткен және пайда болған жүрек ақаулары, кардиттер (негізінен
миокардиттер), кардиомиопатиялар және басқалар. 
Метаболизм мүкістіктері
тұқым қуалайтын аурулар, электролиттік бұзылыстар
және басқалар.
Нерв, эндокрин, тамаққортыу, тыныс және басқа жүйелердің аурулары
.
Инфекциялар
(әдетте, вирусты). 
Токсикалық әсерлер
– дәрілер және басқалар.
Хирургиялық араласулар
– негізінен жүрекке және ірі тамырларға.
Патогенезі.
Ырғақтың және өткізкіштіктің бұзылуы жүректің негізігі функциялары-
ның – автоматизмнің, қозудың, рефрактерлігінің, өткізгіштігінің және жиырылуының
бұзылуына байланысты пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыстардың дәрежесі
байланысты: 1) негізгі ауруға; 2) бұзылыстардың сипаты мен айқындылығынын; 3)
патологиялық процесстің ағымының ұзақтығына.
Жіктелісі.
Бұл бұзылыстарды бөледі:
- ырғақ пен өткізгіштіктің функциялық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалуының
белгілерінің болмауы; 2) гемодинамикалық бұзылыстардың болмауы; 3) тұрақты
сипаты; 4) қатерсіз ағымы; 5) субъективті сезімнің төмен болуы.
- ырғақ пен өткізгіштіктің органикалық бұзылыстары: 1) жүректің зақымдалу белгі-
лері; 2) гемодинамикалық бұзылыстар болуы мүмкін; 3) өткінші сипаты; 4) қарқынды
немесе қарқынды емес ағымы; 5) шағымдарымен клиникалық белгілерінің болуы.
573


Электрокардиографиялық көрсеткіштер негізінде
кейбір аурулар мен
жағдайларды ажыратады: 
- экстросистолия. 1) қарыншаүстілік экстросистолалар, 2) қарыншалық экстросисто-
лалар; 
- тахикардия: 1) тар QRS кешендерімен (қарыншаүстілік тахикардия), 2) жалпақ QRS
кешенімен (қарыншалық және қарыншаүстілік тахикардия);
- брадикардия: 1) ырғақты жүргізушіні зорландыру, 2) импульстің өтуін блокадалау.
- күрделі немесе қосарланған бұзылыстар – синустық түйіннің әлсіздігі синдромы,
атриовентрикулярлы диссоциация, парасистолия және басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   926   927   928   929   930   931   932   933   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет