Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет393/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Несеп ағар
– бүйрек түбегінің жалғасы болып есептелінеді. Оның бойында 3
физиологиялық тарылу бар: түбек несеп жолы сегментінде, несеп жолын жамбас
тамырлары қиып өтетін жерде, қуық-несеп жолы сегментінде. Түбектің несеп жолына
ауысатын жерінде оймыш тәрізді бульбус бар. Жаңа туған сәбидің несеп ағары өте жақсы
дамыған, бел тұсында біраз кеңдеу болады да, тізе тәрізденіп иіледі. Ол, әсіресе,
интрамуральды бөлігінің интравезикальды бөлігіне ауысатын жерінде жақсы көрінеді.
257


Жаңа туған баланың несеп жолының ұзындығы 5-7 см. Сол жақ несепағар оң
жақтағыдан кері ұзынырақ келеді. 1 жастағы балада оның ұзындығы 9-10 см, 2 жаста 13-
14 см. Түбек-табақша жүйесі мен несепағардың тегіс еттерінің әлсіз жетілуіне
байланысты, алғашқы жылы жоғары несеп жолының айқын жиырылып, қозғауы
байқалмайды.
Қуық
. Жаңа туған балада құрсақ мүшесі болып есептелінеді. Алғашқы 2 жылда ол
тез кіші жамбасқа түседі, іш перде тек оның артқы қабатын жауып тұрады. Еті нашар
жетілген, жиырылуы әлсіз. Уретраның ішкі тесігі қасағаның буындасуының үстіңгі
жиегінің тұсында болады.
Қуықтың физиологиялық сыйымдылығы. Жаңа туған баланікі – 30 мл.
1-3 жаста
– 50 - 90 мл
3-5 жаста
– 100-150 мл
5-9жаста
– 100-150 мл
9-12 жаста
– 200-300 мл
12-15 жаста
– 300-400 мл
Үрпі каналы. 
Ер балалардың үрпі каналының ұзындығы 5-6 см, жыныс мүшелерінің
жетілуі кезеңінде 12-10 см. Диаметр бойынша бірдей емес, жіңішке және енді болып,
кезектесіп отырады.
Уретраның 3 физиологиялық тарылуы бар: ішкі сфинктірде, жамбас көк етінен өтетін
жерде, және несеп жолының сыртқы тесігінде. Морфологиялық ерекшелігі – эластикалық
тіні, дәнекер тіні негізі әлсіз жетілген. Кілегей қабығы жақсы жетілген. Қыз балалардың
үрпі каналы қысқа (барлығы 1-2 см), ал диаметрі енді. Бұл катетеризация және
цистоскопия жүргізгенде практикалық маңызды болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет