Дебат тақырыбы: Интернет кітапты алмастыра алады ма?…
Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері, білім ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғауы. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі:
Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.
Тайм-кипер: Иса Данагүл
-Армысыздар құрметті оқушылар және ұстаздар! Оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері туралы ақпараттық тұрғыдағы ой қозғауы мен сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту, сөз бен ой еркіндігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Интернет кітапты алмастыра алады ма?…» тақырыбындағы дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.
Дебатымызға қатысушы 6 топты ортаға шақырамыз.
« ЖасStar » фракциясы
« Болашақ » фракциясы
« Алғырлар» фракциясы
« Жүйріктер » фракциясы
« LiD » фракциясы
« Cамрұқ » фракциясы
Топтардың амандасуына кезек береміз.
Палата лидерлері, сараптамашылар үстелінен барып жеребе алыңыздар, өз позицияларын жеребе арқылы таңдауына кезек береміз. Қанеки, жариялаймыз. Палаталар орындарыңызға жайғасыңыздар.
Сонымен бірге дебатымыздың сараптамашыларымен танысыңыздар.
1.Ешетова Сайрагүл
2.Байқадамова Айжан
3.Мадигулова Мөлдір
Негізгі ережелермен таныс болыңыздар: дебат өткізу құрылымын сақтау, әр топта 2 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық, шындық, сыйластық, уақыт регламенті.
Фракциялар позициялары бойынша кейстерін айқындап болғанша Дебат деген не? деген сұраққа жауап беріп көрейікші
Дебат –ойталқы. Пікірсайыстың түрі, ойын-сауыққа жақын интеллектуалды ойын. Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйренеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш.
Дебатымызды бастаймыз!
І кезең: Палата лидері спикерлерімен және кейстерімен таныстырады.
Әр спикердің дәлелдемелермен сөйлеу уақыты- 5 минут.
Жақтаушы « » палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?
Даттаушы « » палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?
ІІ кезең : Палата лидерлерінің қарсы палата туралы сараптамалық қорытынды сөзі (5 минут)
Жақтаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!
Даттаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!
Достарыңызбен бөлісу: |