Өзек реабсорбциясы физиологиялық несеп тұзу процесінде маңызды саты.
Өзекшелерден өткен кезінде алғашқы несеп реабсорбциясы және концентрация
процесінен өтеді. Проксимальды
ирек өзекшелерде судың, натрий және хлордың 80%
жуығы белсенді түрде реабсорбцияланады. Калийдің, қанттың,
көптеген амин
қышқылдарының, аздап бикар-бонат пен биоорганикалық фосфаттың, сульфаттың,
ураттың толық реабсорбциясы жүреді. Қалған бөліктері тұзағында және дистальды ирек
өзекшелерде реабсорбцияланады. Несептің концентрациялануы
мен құралуы дистальды
өзекшелер мен жинаушы түтікшелерде жүреді.
Жаңа туған сәбидің де, 1 жастағы баланың жалпы
диурезі де біртіндеп өсе келе,
үлкендермен салыстырғанда, 2-3 есе жоғары болады.
Жасқа байланысты диурезді шамамен төменгі формулалармен анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: