Қант қосқан айран.
200 мл қоспаның құрамы: сүт – 180 мл, айран ашытқысы – 10
мл, қант сиропы – 10 мл.
Дайындауы:
шикі сүтке қант сиропы қосылады. Сүт мұқият араластырып,
шыныларға бөлініп құйылады. Тығындап, кызумен өңделеді (бір тәулікке термостатқа
қояды). Шыныдағы 24-28
о
дейін салқындатылған сүтке ашытқы құйылады. Ашытылған
сүт сілкіп, араластырылады. 18-20
о
мезгіл-мезгіл араластырып, ұйығанша қояды. Айран
шыныларына этикетка жабыстырылып, 2-10
о
жылыда 2 тәулікке дейін сақталады.
Қайнатпа қосылған айран.
100 мл Б-айран 50 мл айраннан, 45 мл күріш
қайнатпасынан, 5 мл қант сиропынан түрады.
100 мл В – айранның құрамына 65 мл айран, 30 мл күріш қайнатпасы, 5 мл қант
сиропы кіреді.
Дайындауы:
Халыққа берер алдында айран құйылған шыныға пастеризацияланған,
салқындатылған күріш қайнатпасы және қант сиропы құйылады. Қоспа араластырылып,
тығындалып, этикеткасы жабыстырылып, 2-10
о
жылылықта 1 тәулік бойына сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |