Ет
және
балық
құрамында құнды белоктар және экстрактивті заттар болатындықтан,
құнды тамақтар болып есептелінеді. Ерте жастағы балалардың тамағына семіз еттерді,
әсіресе, шошқаның, қойдың, құстың еттерін және кейбір балықтың түрлерін (қызыл балық
түрлері) қолданбаған жөн, өйткені, олардың құрамында қиын қорытылатын және
сіңірілетін, еру нүктесі жоғары майлар болады. Мектеп жасындағы балаларға сиыр, қой,
құс еттерінің, шұжықтардың әр түрін береді. Сонымен қатар, бауыр, бүйрек, ми сияқты
құрамында қосындылары бар тағамдарды қолдануға болады.
Балық өзінің тағамдық қасиеті бойынша етпен тепе-тең деп есептелінеді. Олар жеңіл
сіңірілетін құнды белоктардың көзі болып келеді. Балық майының биологиялық
құндылығы жоғары, өйткені құрамында жартылай қанықпаған май қышқылдары және
майда еритін витаминдер болады. Балықтың кейбір түрлерінде, әсіресе, теңіз
балықтарында, микроэлементтер (йод, фтор, мыс және басқалар) көп болады.
Жұмыртқаның
құрамында құнды белоктар, майлар (құнды липоидтар) және
витаминдер болады. Олардың құрамында ауыстырылмайтын амин қышқылдарының толық
кешені, А, В, В
2
, Д, Е, бар. Жұмыртқаның майы лицитинге, жартылай қаныққан май қыш-
қылдарына бай болып келеді. Балаға жұмыртқаны шикі күйінде бермеу керек, өйткені
шикі белок ауыр қорытылады. Сонымен қатар, жұмыртқаның қабығы арқылы
инфекциялану қаупі бар.
Балалардың тамағына көбіне
сары май
қолданылады. 3 жастан асқан балаларға
тамақты шыжғырылған сиыр майында, мектеп жасындағы балаларға маргаринде
дайындауға болады. Өсімдік майы (күнбағыс майы және т. б.) баланың тамағына бірінші
жылдан бастап кіруі керек. Оның мөлшері жалпы 10-15% болуы керек. Шошқа, сиыр
майын балалар тамағына қолданбаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |