Т-лимфоидты жүйенің жетіспеушілігі лабораториялық
зерттеулермен дәлелденген
жағадайда левамизол (декарис) және т.б. иммундық жүйеге әсер ететін препараттар
тағайындалады.
Хирургиялық емдеу
әдісі аурудың өкпе бөліктерінің зақымдалған,
басқа ем
көмектеспейтін жағдайда, тұрақты жергіліктенген іріңді эндобронхиттерде қолданылады.
Екі жақты созылмалы пневмонияны хирургиялық әдіспен емдеуден бұрын іштен туа
болған трахеобронхиальды жолдардың ақауларының және жүйелі аурулардың бар-жоғын
ұқыпты түрде тексеріп алу керек, өйткені бұндай жағдайларда ота жасауға болмайды.
Көптеген авторлар отаны 7
жастан кейін, өкпе құрылымының толық жіктелуі
аяқталғаннан бастап жасау керек деп, есептейді.
Саноториялық маңызды ем
жолдарының бірі болып келеді.
Диспансерлік бақылау.
Емханалық сатының негізгі міндеті болып ауруларды бақылау
және
оларды ремиссия кезінде емдеу, уақытымен диагноз қою, сонымен қатар үйдегі
асқынған (қайта өршіген) ауруларды дер кезінде ауруханаға жатқызу,
емдеу болып
саналады. Педиатриядың бақылау жиілігі жылына 2-3 рет болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: