Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет813/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
Жедел есекжемде (жиі аллерген әсерінен дамиды) аллергенмен
қатынастан бірнеше минут өткен соң науқастың терісінде эритема, сосын әртүрлі пішінді,
сақина тәрізді гиперемиямен, айқын шекарасы бар қатты қышитын уртикарлы элементтер
пайда болады. Есекжемге элементтер жоғалған соң пигментация тән емес. Егер әсер
тағаммен байланысты болса, типті бөртпелер көрінгенше науқастың тілі, ерні, таңдайы
ісінуі, кейде іштің қатты ауруы байқалады. Жиі конъюктивит, сирек көмей ісінуімен
498


тыныс алу қиындауы білінеді. Кейде науқаста құсу, коллапс, анафлактикалық шок дамиды.
Тағамдық аллергияда периоральді не перианальді дерматит дамуы мүмкін. Ауруларда
дермографизмнің ерекше түрі – жылдам, тұрақты папулезді реакция байқалады, тері түсі
гистамин енгізгеннен соңғы әсерге ұқсайды. Есекжем жиі жәндіктер шаққанда,
өсімдіктермен қатынас болғанда, физика-лық фактор әсерінен (қысымнан баяу есекжем,
күндік есекжем, жайылған және шектелген жылулық есекжем, салқындық есекжем),
неврогендік себептер әсерінен туындайды.
Ангионевротикалық ісінуде дененің кез келген жерінде, жиі ерін айналасында, тілде,
аяқ-қолда, жыныс мүшелерінде айқын жиекті ісіктер байқалады. Ісік көшуі мүмкін.
Жалпы симптомдары: қызба, қозу, артралгия, коллапс.
Егер бөртпе 6 апта сақталса, онда созылмалы есекжем дамиды. Мұндай ағым көбіне
иммундық емес есекжемге, жүйелік аурулар кезіндегі есекжемге тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   809   810   811   812   813   814   815   816   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет