Асқынуы. Анафилактикалық шок, көмей ісігі (круп), неврологиялық бұзылыстар.
Емі. Аллергоанамнез жинау, терілік сынама жсау арқылы аллерген анықталған соң
онымен контакті азайтуға тырысу керек. Тағамға аллергия болғанда, тұздық
әлсіреткіштерді беру керек. Жедел есекжемде антигистаминді препараттардың І буынын
(ІІ буын препараттарына қарағанда тез әсер етеді) адренорецептор антагонистарімен
қосып беру керек. Созылмалы ағымында антигистаминді дәрілердің екінші буынын,
лейкотриен рецепторлары блокаторларын ұзақ қолдану керек. Тұрақты болғанда
гидроксизин (әсіресе холинергиялық есекжемде), H2-гистамин рецепторларының
блокаторларын (циметидин, ранитидин) қолданады. І, ІІІ дәрежелі көмей ісігінде
преднизалонның көп дозасын – 3-4мг/кг («пышақсыз трахеостомия»), қажет болғанда
трахеостомия қолданады.
Болжамы. Көп жағдайда қолайлы. Көмей ісінуінен кейін асфиксия дамуы мүмкін.