Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1408/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1404   1405   1406   1407   1408   1409   1410   1411   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

123 сурет
. Жәншауда бөртпелердің орналасуы (Аурудың 1-2 күні).
 Жәншаудағы ақшыл ауыз-мұрын ұшбұрышы.
825


Науқасқа бір қарағанда, терінің бәрі қызарып кеткендей болады. Дегенмен, дұрыс
көңіл аударып қарағанда, кішкене нүкте тәріздес ұсақ дақтардың қоюланып, жиналғаны
екені анықталады. Бұл кішкене дақтар айқын қызғылт немесе қызыл түсті болады.
Сонымен қатар, оның ортасы қою боялған болса, шетіне қарай солғындай түседі. Кейбір
жерерде (іштің төмен жағында, шапта, құйрықтарында, қол-аяғының артқы бетінде) ерек-
ше қоюланып, элементтер толық қосылып, тұтас эритема тәрізді болып кетеді. Саусақпен
басқанда, бөртпе бозарып түрін өзгередіде, саусақты тартып алғанда бұрынғы түсіне, қал-
пына келеді. Жәншаудың ауыр түрлерінде, терідегі тамырлардың тонусының төмендеуіне
байланысты саусақпен басқан жерлерде гиперемияның әлсіз, жәй қалыптасуы байқалады.
Сипағанда, терінің құрғақтығы байқалады. Саусақтармен сипағанда, кейде тері
айтарлықтай тегіс болып келеді: бөртпелер терінің үстіне шығып тұрмайды. Дегенмен,
жиірек аурудың айқындалу кезінде, әсіресе бөртпе айқын көп болғанда кедір-бұдыр болып
келеді. Ол негізінен бөртпелердің папула тәріздес болуына байланысты. Бұндай жағдай
көбіне аяқ-қолдардың жазғыш беттерінде орналасады; бұл жерлерде бөртпелер ұсақ тығыз
түйін сипатын алады. 
Науқастың бет пішінінің осы ауруға тән көрінісі бар: маңдайында, самайында
қызғылт ұсақнүктелі бөртпе байқалады; бет ұшының терісі, буындардың артқы бүгілетін
бетіндегі терілерде (шынтақ, тізе асты және қолтық асты) өте ұсақ нүкте тәріздес
геморрагиялар байқалады
(124, 125, 126 суреттер).
Кейде, әсіресе айқын бөртпелер
байқалғанда, әжеп-тәуірдей тығыз болады, ал бөртпелер сирек болғанда, бірең-сараң
геморрагиялар байқалады. 
Жәншаулық бөртпелер, әсіресе көп болғанда, қышиды. Сондықтан, көп жағдайда
науқастың терісінде қасыған іздер жиі байқалады. Кейде бөртпенің шығуының өзіндік
ерекшеліктері болады. Бөртпелердің 3-4-ші күнде байқалуы мүмкін, кейде тіптен
бөртпелердің болмауы мүмкін («бөртпесіз жәншау»).
124 сурет
. Жәншау: сан және балтырдың артқы бетінде орналасқан бөртпелер
Кейде экзантема милиарлы (тары тәрізді) бөртпелер сипатын алуы мүмкін: негізінен
кеудеде, іште, мойнында, сандардың іш жағында мөлдір ұсақ, сиректеу қуысында лай
сұйықтық бар көп көпіршектер байқалады. Бұл көбікшелер қисық жазықтықтан жарық
түскенде жақсы көрінеді. Басқа, сиректеу кездесетін бөртпе түрі – scarlatina variegate.
Бұнда қызамыққа тән ұсақнүктелі бөртпелермен қатар дұрыс емес түрлі және әртүрлі мөл-
шерлі (ірі бұршақ көлеміндей және оданда үлкен) дақ тәріздес элементер пайда болады.
Кейде олар дақты-папулалы сипат алып, терінің бетінен шығып тұрады.
826


125 сурет
. Жәншау: Қолтық қуысында қою оналасқан бөртпелер және геморрагия.
Жәншаудың жеңіл түрлерінде 2-4 күн тұрады, ауыр түрлерінде 6-8 күнге созылады.
Ал, өте жеңіл түрлерінде бір күннен кейін-ақ жойылып кетеді. Бөртпелердің жойылуы
біртіндеп жүреді: алғашқыда ашықтығы азайып, қоңыр түстенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1404   1405   1406   1407   1408   1409   1410   1411   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет