Септицемия сепсистің пиемиялық ошақтар түзілуінсіз жүретін клиникалық көрінісі . Сепсис түрінде қан тамырларында микробтар және олардың токсиндерінің
болуымен көрінеді. Сондай-ақ болжам жасау және нақты емдік бағдарламаны өткізу
қажеттілігін ескере отырып, ПМЖ синдромдары арасынан ерекше белгілер кешенін-
сепсистік шокты (инфекциялық-токсикалық шок) бөліп, шығару керек.
Сепсистік шок дегеніміз – жұқпалы ауру дамуы барысында гиповолемияға
байланыссыз үдемелі артериальды гипотонияның дамуы.
Туа біткен ерте сепсис деп – бала өмірінің алғашқы 72 сағат ішінде клиникалық
тұрғыдан айқындалған сепсисті айтамыз. Бұл жағдайда, ұрықтың инфекциялануы
туылғанға дейін, яғни антинатальді өтеді, және ауру патогенезі ұрықтың иммунды және
гомеостатикалық жағдайының ерекшеліктерімен анықталады.
Туа біткен кеш сепсис – клиникалық манифестация мерзімі, әдетте, нәресте өмірінің
4-5-ші тәуліктерінде жүруімен, ұрықтың интранатальді инфекциялануы нәтижесінде
дамиды және туылған бала азғасының иммунды және гомеостатикалық жауабының
ерекшеліктерімен сипатталады.
АҚШ-тың келісім конференциясы мен Ресейде өткен «Клиникалық
химотерапевттермен микробиологтар альянсы» ғылыми-тәжірибелік конференцияда
қабылданған қорытынды бойынша ауыр дәрежелі сепсистің клиникалық көрінісінде екі
және одан да көп мүшелер бұзылыстары, яғни полимушелік жетіспеушіліктің болуы
арқылы сепсис синдромынан ажыратылады.
Сепсис –
полиэтиологиялы шартты патогенді микрофлорамен шақырылған, патогенезінде инфекция тудырған жүйелі қабыну реакциясының қарқынды дамуы жатқан, бактериальді іріңді қабыну инфекциясының жалған түрі болып табылады .
Клиникалық көрінісінде жоғарыда айтылған синдромдардың ішінен 4-і анықталған
жағдайда, сепсис диагнозын болжауға, дәлелдеуге емес) мүмкіндік береді және
лабораториялық пен клиникалық негіздеуді қажет етеді, яғни диагноз бақылаудың 7-10-ші
күндерінде қорытындыланып және ретроспективті түрде негізделеді. Бірақ, сепсистің
болжамды диагнозының қойылуы емдік, эпидемиологиялық және басқа да шаралардың
көлемі мен сипатына сәйкес талаптарды қояды.