Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет302/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(111 сурет). 


480 
111 сурет.
 Бүйректің инфекциялануының лимфогенді және гематогенді ошақтары. 
Аурудың қоздырғыштары: ішек таяқшалары, клебсиелла, протей, энтерококк, көкірің 
таяқшасы, стрептококк, стафилококк, вирустар. Аралас флора болуы мүмкін. Микробтар 
бүйрек тканіне гематогенді жолмен (жиі емшек жасындағы балаларда) немесе өрлемелі 
жолмен (жиі ересек балаларда) түседі. Бүйректе бактериялардың таралуы тек қана 
қабынуға алып келмейді, ол үшін басқа да жағдайлар әсер етеді: иммунитеттің төмендеуі 
және туа пайда болған ақауларға, зәр тас жүйесіне, іш қату, ішек құрты инвазиясы, 
отырып жұмыс жасауға байланысты зәр пассажының бұзылуы. 
Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын негізгі жол деп есептейді, бұл 
жағдайда, инфекция әр түрлі ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту 
жолдарының аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы артерияларға, одан әрі милы 
қабатындағы капиллярлар торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен оны 
қоректендіріп отыратын артериялары арасындағы байланысты атап өту керек. Түбекшенің 
және форникальды аппараттың ішкі беті уротелиймен қапталған ол табақшаның 
күмбезінде босаған кезінде олар уротелийдің клеткаларымен жанасып отырады. 
Форникальды веналар өте жұқа және зақымдалады, сондықтан, венаның қабырғалары 
зақымдалған кезде инфекциялар тамырлар жағынан да, түбекшелердің форникальды 
бөлігі жағынан да, өте бастайды. Бірақ, микробтардың түсіп қана қоюы пиелонефрит емес. 
Ол үшін несептің іркілісі, яғни уродинамиканың бұзылуы қажет. Уростаздың себептеріне 
– табақшалардың алқымының дискинезиясы, мойынның тарылуы, түбекшелердегі тас, 
қосымша тамырдың болуы, несеп жолының тасы, несеп жолын басып жатқан ісік, несеп 
жолының ахалазиясы, қуық дивертикулы, уретроцеле, ішектің, қуықтың аневрозы, қуық 
түбі безінің туа болған аурулары, үрпі каналының құрылысы, несеп жолының құрылысы, 
үрпі каналының сыртқы тесігінің тарылуы, фимоз және т.б. 
(112 сурет) 
жатады. 


481 
112 сурет. 
Уростаз себептері
(Н.Е. Савченко және басқалар). 

1. Тостақшаның мойнының дискинезиясы
2. Тостақшаның мойнының тарылуы
3. Түбекшенің тасы 4. Қосымша тамыр
5. Несепағардағы тас
6. Несепағарды басып тұрған ісік
7. Несепағар ахалазиясы
8. Несепағардың тарылуы 9. Уретроцеле
10. Несепқабының мионейрогенндік атония
11. Несепқабы тасы
12. Несепқабының дивертикуласы
13. Несепқабының мойнының склерозы
14. Қуықасты безінің туа болған ауруы
15. Зәр шығару жолының (каналының) тарылуы
16. Зәр шығару жолының дивертикуласы
17. Үрпінің (зәр шығару жолының шығар 
бөлігінің) тарылуы
18. Фимоз

Бұнда рефлюкстің маңызы үлкен. Рефлюкс 
дегеніміз – несеп жолы жүйесінің тонусының 
нервтік реттеуінің әсерінен немесе анатомиялық 
мүкістіктерінің әсерінен несептің кейін түсуі 
(қайтуы). Кедергі болған кезде пиеловенозды 
және пиелолимфатикалы рефлюкстер пайда 
болады да, микробты денелер, түбекшедегі
қысым көтерілгендіктен, форникальды бөліктен, 
оған жақын орналасқан веналар мен лимфа 
тамырларына түседі. Микробтар әуелі уротелий 
арқылы табақшаларға, сосын табақшалардан 
интерстиций (форникальды рефлюкс) немесе 
өзекшелер /тубулярлы рефлюкс/ арқылы бүйректің дәнекер ткандеріне өтеді
Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады. 
1. Бактериурия 
2. Жергілікті және жалпы иммунитеттің бұзылуы 
3. Бүйректегі гемодинамиканың бұзылуы. 
4. Уростаз, яғни уродинамиканың бұзылуы. 
5. Рефлюкс, ол ацидоздың, эксикоздың, анемияның дамуына әсерін тигізеді, ал олар 
бүйректің зақымдануының экстраренальды белгілері болып есептелінеді. 
Клиникалық-функциялық және басқада белгілеріне байланысты пиелонефрит екіге 
бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет