482
Екіншілік (обструкциясыз) ПН – зат
алмасу құбылыстары бұзылғанда, туа болған
немесе жүре пайда болған иммунды жетіспеушілікте, эндокриндік ығысуларда, несеп
жолындағы эпителийдің ферменттерінің жергілікті өзгеруінде дамиды.
Екіншілік ПН-дизметаболиттік ПН – бұнда
бактериальды инвазия қымыздық, сүт
қышқылдарының метаболизмі бұзылған кезде және тубулопатияларда пайда болады.
Екіншілік ПН обструктивті және дизметаболиттік ауытқулармен қабат жүреді.
Жедел ПН-тің активті сатысы – қапыл басталып, ЖРВИ, пневмония, сепсис, ангина,
ас қорыту жолының инфекциялары кезінде дамиды.
Жіктелісі 121 кестеде
берілген.
121 КЕСТЕ
БАЛАЛАР ПИЕЛОНЕФРИТІНІҢ ЖІКТЕЛІСІ
Ағымы бойынша
Патогнезі
бойынша
Кезеңі бойынша
Бүйрек
функциясы
бойынша
1. Жедел
2.Созылмалы
А. Манифестілі
рецидивті түрі
Б. Жасырын түрі
1. Біріншілік
2.
Екіншілік
А. Зәр шығару мүше-
лерінің анатомиялық
аномалиясындағы
Обструктивті
Б. Бүйрек
дизэмбриогензінде
В. Дисметболикалық
нефропатияларда
1.Өршу (активті)
2. Белгілілерінің
кері дамуы (толық
емес ремиссия)
3. Клиникалық-
лабораторлық
ремиссия
1. Бұзылусыз
2. Бұзылуымен
3. Созылмалы бүйрек
жетіспеушілігімен
Клиникалық көрінісі
. Ерте жастағы балаларда қызба неғұрлым айқын білінеді.
ПН-тің негізгі синдромдары:
1. Экстраренальды
а) Жалпы интоксикация белгілері дене қызуы 39-40% дейін көтеріліп, кейде нейротокси-
коз белгілерімен бірге тырысулар байқалады, аурудың жалпы хал-жағдайы нашарлап,
басы ауырып,
айналады, талықсу, көңіл-күйінің нашарлауы тез шаршау, әлсіздік,
тәбетінің нашарлауы, жүдеуі, қатты терлеуі қызыл дермографизм байқалады.
б) Ас қорыту жолының зақымдалу белгілері: эксикозды токсикоз, лоқсу, құсу, ішінің
бүріп ауруы, диарея, нәжісінің тұрақсыздануы,
кейде іштің қатуы, бір жасқа дейінгі
сәбилерде кездеседі. Кішкене сәбилерде ПН жедел басталып, дамиды да клиникасы
айқын білінеді. Ересек балаларда, көбіне лоқсу, құсу, ішінің бүгіп ауруы байқалады.
2. Ренальдық белгілер:
а) Ауру синдромы: белінің қатты ауруы:
әсіресе бір жағынан, қасаға үсті аймағының,
несеп жолының бойының ауруы, сипалағанда және жатқанда осы аймақтардың ауруы,
оң немесе сол жақ қабырға астының өздігінен ауруы.
б) Дизуриялық ауытқулар: кіші дәретке жиі және ауырсынып отыру, никтурия, кіші
дәретін ұстай алмау және т.б.
в) Несеп синдромы: несептегі макро- және микроскопиялық өзгерістер: несеп түсінің,
мөлдірлігінің өзгеруі, тұнбалар мен үлпек қауыздардың пайда болуы.
Созылмалы ПН-жедел ПН қолайсыз, сәтсіз,
аяқталғаннан кейін, және ПН
басталғаннан кейін 6 ай өткен соң дамиды. Созылмалы ПН-тің өршу кезеңінде баланың
жалпы қал-жағдайы, көңіл-күйі нашарлап,
тез шаршайды, тәбеті бұзылып басы, іші
ауырады, яғни СПН-тің өршу кезіндегі клиникасының ЖПН-тің клиникасынан көп аса
айырмашылығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: