Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет110/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Құрсақ ішілік инфекцияның қауіпті топтарын анықтау 
Құрсақ ішілік инфекция болуы құжаттар арқылы негізделген жағдаймен қатар, 
инфекция дамуы мүмкін қауіпті топқа анасында мына жағдайлар анықталған жаңа туған 
нәрестелерді жатқызады:
- акушерлік-гинекологиялық анамнезінде ауытқуы бар түрткілер анықталған жағдайда 
(спонтанды аборттар, өлі бала туылу, мерзіміне жетпей туылу, нәрестенің әртүрлі даму 
ақаулықтарымен туылуы, ерте кезеңде өлім және бедеулік болған жағдайда). 
- осы жүктіліктің және босанудың ауытқулармен жүруі (жүктілік үзілу қаупі, мерзімінен 
бұрын босану, уақытынан бұрын плацентаның толық немесе толық емес ажырауы, көп 
сулылық, қағанақ маңы суының уақытынан бұрын кетуі). 
- Зәр-жыныс жүйесінің аурулары (жатыр мойны жарасы, эндоцервицит, кольпит, вульво-
вагинит, жыныс бездерінің кистасы, сальпингит, сальпингоофарит, зәр шығару 
жолдарының инфекциясы) 
- Жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулар бөртпелер, сарғаюлар, гепатоспленомегалия, 
лимфаденопатия, катаральды құбылыстармен және ұзақ гипертермиямен көрінетін 
аурулар (соның ішінде ЖРВИ).


205 
- Иммуножетіспеушілік жағдай .
- Қайталанған гемотронсфузиялар
- трансплантациядан кейінгі иммуносупрессивті терапияны қолдағаннан кейінгі
жағдайлар.
Сонымен әрбір жаңа туған нәрестені клиникалық, лабораториялық және 
инструментальды тексерулердегі құрсақ ішілік инфекцияға күмәнді белгілер: 
- Құрсақ ішілік дамудың кідірісі (құрсақ ішілік гипотрафия).
- Дизэмбриогенез стигмасы немесе даму ақауы.
- Ұрықтың иммунды емес су шемені. 
- Микро немесе гидроцефалия. 
- Туғандағы тері экзантемасы. 
- Ерте басталған немесе ұзақ созылған сарғаю. 
- Алғашқы күндердегі қызба. 
- Неврологиялық бұзылыстар (сонымен бірге құрысу) туғаннан соң бірнеше күн-
нен кейін анықталған жағдайда.
- Интерстициальды пневмония. 
- Миокардит немесе кардит. 
- Кератоконьюктивит. 
- Катаракта немесе глаукома. 
- Алғашқы күндері клиникалық қан анализіндегі «қабыну» өзгерсітері (тромбо-
цитопения, анемия, ЭТЖ-жоғарлауы, лейкопения, лимфоцитоз, моноцитоз, 
эритробластоз). 
- Нейросонограммадағы тән өзгерістер (киста, мидың шашыранды және перивен-
трикулярлы кальцификаты).
Көрсетілген белгілердің екі және одан да көп жаңа туған нәрестелерде анықталған 
жағдайда құрсақ ішілік инфекция дамуы бойынша өте қауіпті топқа жатқызады. Вирусты 
құрсақ ішілік инфекция дамуы ең жоғары деңгейін нәрестелер шала туылған нәрестелерде 
байқалады. 
2.4.8. ЖЕРГІЛІКТЕНГЕН ҚАБЫНУЛЫ АУРУЛАР 
Қазіргі кезде жаңа туған нәрестелерде 
іріңді-қабынулы аруларды
– 
жеңіл 
жергіліктенген іріңді қабынулы аурулар және ауыр (Сепсис) деп екіге бөледі. 
Ірінді-қабыну аурулардың себебі күтім жеткіліксіздігі және стафилококк инфекция-
сы болып табылады. Сонғы уақытта, шартты патогенді флораға (ішек таяқшасы, клебсие-
лла, энтеробактерия), және де көкіріңді таяқшға көп көңіл бөлінеді. Аурудың көзі жедел 
және созылмалы қабыну ошақтары, анасының жасырын инфекциясы, инфекцияланған 
босану жолдары, жаңа туған нәрестенің күтім заттары, қызмет көрсету персоналдың 
эпдемиологиялық режимді бұзуының маңызы зор. 
Патологиялық процесс – жергілікті инфекция ошағы түрінде, немесе жайылған түрі – 
сепсиспен өтеді. Ересектерге қарағанда, жаңа туған нәрестелерде жайылған инфекциялық 
қабыну процессі жиі дамиды. 
Пиодермиялар 
– бұл терінің іріңді-қабыну аурулары.
Пиодермиямен ауыратын жаңа 
туған нәрестелерді оқшаулау және диагноз қойылған күні ауруханаға жатқызу керек. 
Осындай балалардың күтімінде тек стерильді заттар қолдану керек. 


206 
Везикулопустулез – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет