Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет111/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

бұл жаңа туған нәстелерде де, өмірінің бірінші айларында да 
жиі кездесетін терінің іріңді ауруы. Бұл ауру терінің қалыпты қатпарларында денеде, 
аяқ-қолдарында ішінде серозды-іріңді сұйықтығы бар кішкене көпіршіктер (пустулалар) 
пайда болумен сипаталады. П
устулалар мөлшері әр түрлі болады, айналасында қабыну 
сақинасы болады. Аздаған бөртпелерде баланың жалпы-жағдайы сақталады. Дене қызуы, 
әдетте қалыпты, сирек жағдайда субфебрильді болады. 
Емдеу жергілікті: көпіршіктерді 96
о
спиртке батырылған тампонмен сүртіп алып, 
бриллиант жасылы ерітіндісімен өңдеу керек. УКС тағайындау тиімді болып келеді.
Жаңа туған нәрестелер көпіршік (пемфигус) ауруы – 
өмірінің бірінші 2 аптасында 
жиірек дамиды. Мойнында, ішінде, аяқ-қолдарында –ішінде лайлы сұйықтығы бар әр 
түрлі көлемді (диаметрі 0,5-2,0 см) көпіршіктер шығады
. Көпіршіктер жеңіл жарылып, 
қансырайтын жаралы беткей пайда болады. Бөртпелер үсті-үстіне шығуына байланысты 
полиморфты болады. Жаралы жерлердің эпителизациясы тез жүреді, орнында боз-
қызғылт дақтар ұзақ уақытқа қалады. Баланың жалпы-жағдайы терідегі көп санды 
көпіршіктерге байланысты нашарлап, дене қызуы 38-39
о
С көтеріледі. Бала әлсізденіп, 
емшектен бас тартып, салмақ қосуы нашарлайды. 
Емдеу.
Бірен-саран бөртпелер кезінде-жергілікті ем көрсетілген: стерильді ине 
немесе қайшымен көпіршікті жарып, стерильді тампонмен сүртіп, эрозияны бриллиант 
жасылымен өңдеу қажет. УКС тағайындалады. Ауыр ағымда қоздырғышқа сезімталдықты 
ескере отыра – антибактериалды, дезинтоксикациялық, симптоматикалық және 
витаминотерапия жүргізіледі. 
Риттердің эксфолитивті дерматиті – 
бұл ауру-көпіршіктің ең ауыр түрі болып 
саналады. Ол сәбидің өмірінің алғашқы күндерінде дамып, ауыз немесе кіндік 
айналасындағы теріде қызарудың пайда болуымен сипатталады.
Процесс денеге немесе 
аяқ-қолдарға өте тез тарайды. Кейін эпидермистің астына экссудат жиналып, тез жарылып 
көлемді жаралы беткей түзетін «көпіршік» дамиды. Аяқ-қолдарда тері көп бөлшектермен 
түседі (ІІ дәрежелі күйікпен ауыратын науқас тәрізді). Болжамы жиі қолайсыз. 
Емдеу.
Жалпы ем сепсис кезіндегідей жүргізіледі. Жергілікті өңдеу келесі реттілік-
пен жасалады: стерильді ине немесе қайшымен көпіршікті жарып, стерильді мақта тампо-
нымен сүртіп, осыдан кейін эрозияларды метилен көгі немесе бриллиант жасылының 
сулы ерітіндісі мен өңдеп, гормондық май жағылған салфеткамен жабады («Синалар», 
«Локакортен»). 
Нәрестелер маститі – 
сүт безінің дөрекілену фонында басталатын ауыр дерт.
Бір 
кеуде безі инфильтрацияланып, ұлғаяды. Алғашқы күндері гиперемия болмауы мүмкін, 
немесе шамалы білінеді. Пальпация жасағанда бала мазасызданып, жылап, ауырсынады. 
Кейін без үстіндегі гиперемия күшейіп, бала емшектен бас тартады, дене қызуы 
көтеріледі, интоксикация белгілері пайда болады 
(102 сурет).
Кеуде безінің өзектерінен 
басып қысқанда немесе өзінен өзі ірің шыға бастайды. Ару іріңді жаңа ошақтарының 
пайда 
болуы 
мүмкі
ндігім
ен 
қауіпті



207 
102 сурет
. Нәрестелер маститі. 
Емдеу.
Эпидемияға қарсы шаралар кезкелген іріңді аурулар пайда болғанда,
науқасты перзентханадан соматикалық ауруханаға аударудан басталады. Іріңді ауру 
анықталған палатаға басқа нәрестелерді қабылдауды тоқтатып, тиісті санитарлық-гигиена-
лық шаралар жүргізеді, қатынаста болған нәрестелердің жаялықтарын, көрпелерін аусты-
рып, өздеріне бифидумбактерин тағайындайды. Іріңді арулар анықталған палатада бірге 
болған балалардың тересін күнделікті, қайта құндақтау кезінде ұқыпты қарап тұру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет