198
Ғылыми әдебиеттерде «туа пайда болған инфекция» деген де термин бар. Бұл термин
тек
бала туылған кезінде, жаңа туылған балада құрсақ ішілік инфекцияның клиникалық
белгілері болса ғана қолданылады.
Туа пайда болған инфекция – инфекциялану және аурудың клиникалық кезеңдері
құрсақ ішінде жүрсе ғана инфекциялық ауру деп табылады.
Инфекцияланудың қандай гестациялық мерзімінде болғанына байланысты,
инфекциялық бластопатия, эмбриопатия және фетопатия ажыратылады.
Гематогенді жолмен ұрыққа енген қоздырғыш қабынуды шақырады. Зақымданған
зиготалар алғашқы ұрықтанғаннан соң 2 аптадан кейін
ұрықтың өліміне талып келеді,
жатырдан тыс жүктілікке, генетикалық ауруларға ұқсас патологиялық өзгерістердің
дамуына, ұрықтың өсінің түзілуіндегі бұзылыстарына, ақауларға әкеледі. Эмбрионның
қабыну реакциясының ерекшелігі және альтеративті компоненттерге байланысы,
жүктіліктің алғашқы 3 айында құрсақ ішілік инфекцияда
пайда болатын ұрықта даму
ақауларымен ерекшеленетін эмбриопатияның дамуына, біріншілік плацентарлық
жетіспеушілікке, жүктіліктің дамымауына және өздігінен болған түсікке әкеледі.
Клетка ішілік циклді микроорганизмдердің (көбіне вирустердің) эмбриопатия туды-
руы эмбриональды тканьдердің микроорганизмдерге жоғарғы троптығымен түсіндіріледі.
Осы аурулардың қысқаша сипаты
№ 63 кестеде
көрсетілген.
Ұрықта ерте фетальды кезеңде қабынудың альтернативті компонентімен қатар
жинақталған склерозға әкелетін пролиферативті компонент те бар.
Бұл ерте фетальды
кезеңде қабыну процессінің жергіліктенуі болмай, ҚІИ-ның жайылған түрде жүріп, ана-
плацента қан айналымының бұзылысына, дистрофиялық реакцияларға, дәнекер тіндер
арасындағы жинақталған процесстердің түрлі бұзылыстарымен жүреді (ми глиозы, фибро-
эластоз). Демек, жалған ақаулар пайда болады. Пролиферативті өзгеріспен жүретін қабы-
ну процесстері қалыптасқан мүшелердегі ақауларға әкеледі (гидроцефалия, гидронефроз).
63 КЕСТЕ
ГЕСТАЦИЯ МЕРЗІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚІИ ЗАҚЫМДАНУДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
Зақымдану түрі
Гестация
мерзімі
Зақымдалу сипаты
Бластопатия
0–14 күн Генетикалық ауруға ұқсас жүйелі патологияның дамуы
немесе ұрықтың өлуі.
Эмбриопатия
15–75 күн Мүшелердегі ақау немесе клеткалық деңгейдегі
ақаулар
(айқын ақаулар). Жүктіліктің жиі үзілуі.
Ерте фетопатия
76–180 күн Ақыры мүшелердегі фиброзды-склерозды деформациялануы
болып келетін альтернативті компонентті қабыну реакциясы
бар жайылған реакцияның дамуы (жалған ақаулар). Түсік
болуы мүмкін.
Кеш фетопатия
181 күннен
туғанға
дейін
Әртүрлі мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен
манифесті қабынуының, фетопатияның дамуы (гепатит,
энцефалит, пневмония, кардит және т.б.)
Кеш фетальды кезеңде ұрықта қабыну реакциясының 3
компоненті де анықталады
(альтеративтік, пролиферативтік, әлсіз дамыған болса, тамырлық). Бірақ плазматикалық
рекация жоқ. Осы кезеңде клеткалық және гуморальды иммунитеттің қалыптасуына
байланысты ұрық инфекция қоздырғышының енуіне арнамалы
жауап беру қабілетіне ие
болады. Әртүрлі мүшелер мен жүйелердің (пневмония, кардит, гепатит) зақымдалуымен
жүретін манифесті фетопатия дамиды.
Босану алдында жұққан инфекцияда клиникалық көрінісі аурудың сатысына
байланысты. Егер нәресте туғанда ауру алғашқы фазада болса, инфекция көрінісі
199
неонатальды кезеңнің алғашқы 3 тәулігінде айқындалады. Ал, босану аурудың соңғы
сатысында жүрсе, ерте неонатальды кезеңде жиі дезадаптация синдромы дамиды.
Ұрықтағы ҚІЖ негізінен тән клиникалық белгілерге суегіздік, тұрақты тахикардия,
құрсақ ішілік дамудың кідірісі жатады. Ал, құрсақ
маңы суының аз болуы сирек
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: