327
сипатталады. Иммунды кешендер өкпе тамырларының қабырғаларына бекітіліп, оларды
зақымдай бастайды да, өкпе васкулиті дамиды.
Аллергиялық реакцияның төртінші түрі баяу типті реакцияға жатады да, Т-
лимфоциттердің қатысуымен жүреді, реакция негізінен бактериальды аллергияларда
байқалады.
БА-мен ауыратын балаларда, вирустарға сенсибилизация сау балаларға қарағанда,
жоғары. Бұл жерде грипптің вирустарын, парагрипптерді, адено- және РС- вирустарды
атап айтқан жөн. Жоғары тыныс жолдарында созылмалы инфекцияның болуы БА-ның
дамуында вирустардың арнайы маңызын артыра түседі.
Химиялық заттар (ксенобиотиктер) өздері тікелей аллерген болып келеді немесе
организм белоктарына адсорбцияланғаннан кейін осындай қасиеттері пайда болады
(гаптендер).
Пассивті немесе белсенді шылым шегу, сыртқы ортаның поллютанттарының (күкір-
ттің тотықтары, озон, азот тотығы, автокөліктер шығаратын газдар, нитраттар, сульфит-
тер) және тұратын мекендердегі поллютанттардың (азот тотығы, көміртегінің тотығы мен
қос тотығы, формальдегид) мөлшеріні БА-ның дамуында алатын орындары ерекше.
Тамақ-тағамдардан – көбіне балық, жұмыртқа, ет, шоколад, апельсин, мандариндер
және олардың иісі аллерген болып табылады. Тұрмыстық шаң, өсімдік, әсіресе гүлдердің
тозаңдары да, аллергенге жатады.
БА-ның дамуына тікелей ықпал ететін ішкі түрткіле р:
Достарыңызбен бөлісу: