329
эпителиялардың қорғаныстық функциялары төмендеп, организмнің ішкі
ортасына аллергендердің енуі жеңілденедіде сенсибилизация дамиды;
Кезбе нервтің афферентті рецепторлары ашылып, орталық бронхоконстриктивті
реакциясы күшееді;
нейропептидтердің шығуы арытады, аксон-рефлекстері стимуляцияланадыда,
осының бәрінің қосындысы ретінде бронх обструкциялары арытады.
ІІІ. Бронхтар гиперреактивтілігі
БА-ның қалыптасуының алғашқы екі патогенетикалық механизмінің заңды
нәтижесі.
Гиперреактивтіліктің айқындылығы ауырлық дәрежесі мен ауыр кезеңімен
тікелей корреляция байқалады.
Атопияға байланысты емес гиперрреактивтіліктің тұқым қуалауының
анықталуы алғашқы гиперреактивтіліктің болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Β
2
адрено-рецепторлардың түзілуінің тұқым қуалайтын мүкістігі астмамен
ауыратын балалардың вирусты-обструктивті бронхитпен ауыратын балаларға
қарағанда, адреномиметиктерге сезімталдығының жоғарлауы болуымен
дәлелденеді.
-
Жасушаларда Са
2
+ концентрациясының кальцийлік гомеостаз дисбалансы және оның
жасушадан шығу процессінің бұзылуы жасушаішілік функциялардың бұзылуының
негізгі факторлары, яғни бронхтарды гиперреактивтілігінің себептері болуы мүмкін.
-
Мырштың, мыстың, селенаның, магнийдің жетіспеуінде бронх реактивтілігінің
артуына ықпал етеді.
-
БА-ның ұзаққа созылуы жасушалар гиперплазиясына байланысты бронх
қабырғаларының тегіс бұлшық еттерінің гиперплазиясына әкеліп, бронх
суперреактивтілігіне өз үлесін қосады.
IV. Нейроэндокриндік жүйенің патологиясы. Эндокриндік жүйенің реттеушілік
функциясының бұзылуы гипоталомо-гипофизарлық аймақта микроқұрылым-дық
өзгерістерге әкелуі мүмкін, ОНЖ-ның перинатальды зақымдалуларына байланысты болуы
мүмкін. Бұндай ауруларда БА ерте байқалады, ауырлау өтеді.
Астманың патогенезінде вегетативті нерв жүйесінің функциялық жағдайының
дисбалансының маңызы үлкен. Көптеген ауруларға вегетативті нерв жүйесінің
парасимпатикалық бөлімінің басым болуы, адреналинге реакциясының бұрмалануы тән
болып келеді. Патогенетикалық ерекше түрі «аспириндік астма» болып келеді. Бұл термин
шартты түрде қолданылады. Себебі, бұндай жағдай тек қана аспирин қолданғанда ғана
байқалмайды, сонымен қатар, басқада қабынуға қарсы стероидтар қолданғанда да болуы
мүмкін. Таза аспириндік астма (асприндік триада: Қабынуға қарсы стероидты емес
препараттарға анафилактоидты сезімталдық-тұншығу ұстамасы, мұрын полипі), аспирин
және басқа осы топ дәрілеріне сезімталдықтың атопиялық БА-мен қосарлануы.
Достарыңызбен бөлісу: