Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет213/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

1.
 
Артерия өзегінің ашықтығы, қарынша және жүрекше аралық перденің мүкістігі, 
атриовентикулярлық коммуникация. 
2.
 
Эйзенменгер кешені, магистральды тамырлардың транспозициясы, жалпы 
артериялық сабақ. 
9.1.1. ҚАРЫНША АРАЛЫҚ ПЕРДЕНІҢ МҮКІСТІГІ 
Балалар туа болған жүрек ақауының /ТБЖА/ ең кең тараған түрі. Оның жиілігі 
11%-тен 23%-ке дейін артады. Мүкістікті негізгі екі түрге бөледі: жұқа жарғақша 
(мембранозды) және бұлшық ет бөлігінде. Мүкістіктік мөлшеріне байланысты,
аортаның
мөлшеріне сәйкес болса – үлкен, аортаның мөлшерінен кем болса – кішкентай деп тағыда 
екі топқа бөледі.
Гемодинамикасы:
Ұрықтық даму кезеңінде қарынша-аралық перденің мүкісі қан 
айналымына әсерін тигізбейді. Туылғаннан кейін қан айдау бағыты мүкістіктің мөлше-
ріне, жалпы өкпелік және жалпы шеткі қарсылықтың қатынасына байланысты болады.
Алғашқы күндері қан айдау қиылыспалы болады, бірақ біраздан кейін өкпе 
тамырларының құрылысының өзгеруіне байланысты өкпе қарсылығы азаяды да, үлкен қан 
айналым шеңберіндегі қан қысымы кіші қан айналымындағы қан қысымынан көп 
мөлшерде артады. Артериялық қан сол қарыншадан оң қарыншаға өкпе артериясына 


351 
айналады, одан кейін қайтадан жүректің сол жақ бөлігіне қайтып оралады. Жүректің оң 
бөлігіндегі және өкпе артериясындағы қысым өкпе артериясына айдалатын қан 
мөлшерімен анықталады. Бұндай науқастардың 23-50% бөлігінде 3 сатыдан тұратын өкпе 
гипертензиясы (қысымның жоғарлауы) байқалады. 
1. 
Гиперволемиялық сатысы
– балалардың өмірінің алғашқы айларында тамыр 
саласының ағып жатқан қан көлеміне сәйкес келмеуінен пайда болады. Бұл жағдайда
өкпе қан тамырлары қанға толып кетеді, бірақ тарылу сияқты қорғаныс бейнесі болмайды 
да, клиникалық ауыр дамуы және қанның шектен тыс көп айдалуы байқалады. Өкпе 
артериясындағы қысым қалыпты немесе сәл ғана көбейген, жалпы өкпелік қарсылас 
өзгермеген болуы да мүмкін. 
2. 
Аралас сатысы
– өкпе артериясында қысымының және өкпе қарсылығының 
артуымен байқалатын қанның көлемінің артуымен (гиперволемияға) жауап ретінде өкпе 
тамырлары тарылады да, оң жаққа қанның айдалуына әсер етеді. 
3. 
Склероздық сатысы
– ұзақ және гиперволемия әсерінен өкпе тамырларында 
қайтымсыз склерозық өзгерістер пайда болады. 
Клиникасы:
Қарынша аралық перде мүкістігін екі түрге бөледі:
1. Аралық перденің бұлшық ет бөлігінде орналасқан кішкене мүкістік. 
2. Мембраналық бөлігінде орналасқан үлкен мүкістік. 
Клиникалық дамуында қарынша аралық перденің бұлшық ет бөлігінде сопақша 
немесе негізгі қарыншаның біріне қарай бағышталған, конус тәріздес болып келетін мүкіс-
тік жеңілдеу болып келеді. Систола кезінде қабырғааралық перденің бұлшық ет бөлігі 
жиырылып, жұмысқа араласатын болғандықтан, систола кезінде мүкістік мөлшері кіші-
рейіп, айдалатын қан көлемі азаяды. Кейбір зерттеушілердің көз қарасы бойынша бұлшық 
еттің өсіп жетілуі нәтижесінде қарыншааралық мүкістік өздігінен бітеліп кетуі мүмкін. 
Қарыншааралық бұлшық етті бөлігіндегі кішкене мүкістікте /Толочинова-Роже 
ауруы/, көбіне гемодинамикалық бұзылыстан байқалмайды. Көңіл-күйі дамуы дені сау 
балалардағыдай болады. Аускультация жасағанда, 4-5 қабырға аралығында төстің оң 
қырында немесе үстінде ең жақсы естілетін, қатқыл, тырнағыш, көру аймағы кішкене 
болып келетін систолалық шу ғана туа болған жүрек ақауын болжауға мүмкіншілік береді.
Ақаудың алғашқы белгілерінің біліну мерзімі, сол және оң қарынша арасындағы 
қысымдар мөлшеріне тәуелді болып келетін айдалған қан шамасымен анықталады. 
Әдетте, ақаудың белгілері бала дүниеге келе салысымен емес, 1-2 ай өткеннен кейін 
басталады. Науқастың ата-аналары тамақтандыру кезіндегі ентігу, үзіліс жасау, терең 
тыныс алу сияқты, пайда болған қиындықтарға көңіл аударады. Осы қиындықтардың 
әсерінен науқас аш қалып, мазасызданады. Қарыншааралық перденің мүкістігі бар 
балалардың туылғандағы дене салмағы қалыпты болады. Гипотрофияның себебі – ұдайы 
аш болу (алиментарлы фактор) және гемодинамиканың бұзылып (солдан оң жаққа қан 
айдалуына байланысты), үлкен қан айналым шеңберінде толықсудың пайда болуында. 
Терінің азғана шеткі цианозы мен мрамор түстенуі сай болып келеді. 
Қарыншааралық перденің мүкістігі, туа болған жүрек ақауының ақшыл түрі, сондық-
тан, цианоз ақаудың бұл түріне тән емес, бірақ алғашқы айларда, өкпе артериясында 
қысымның жоғарлауына байланысты, қатты жылағанда цианоз пайда болады. Цианоздың 
пайда болуы бұл кезеңде вена- артериялық қан айдалуының пайда болғанын көрсетеді. 
Қарыншааралық перденің мүкістігінің негізгі белгілерінің бірі болып, тыныс бұлшық 
еттердің қатысуымен байқалатын, тыныс жиілігі есептеледі. Денесінің қалпын 
өзгерткенде күшейе түсетін жабысқақ қиын шығатын қақырықты жөтел байқалады. 
Бұндай мүкістігі бар балалар пневмонияның ауыр түрімен жиі ауырады. 
Жүрек томпағы ерте пайда болады. Кейде үлкен мөлшерде тауық кеудесі болады. 
Жүрек ұшының соққысы солға ығысады. Жүрек соққысының күшейіп, жоғары көтерілгені 
көзге көрініп тұрады.
Аускультация жасағанда, сол жақтағы 3-4 /сиректеу 2-3/ қабырға аралықта, 
қарыншалардың қысым жоғары болса – ұзақ, ал өкпе гипертензиясы жоғары болса – 


352 
қысқа, қатқыл систолалық шу естіледі. Сонымен қатар, жүрек ұшында, сол жақтан оңға 
қан айдалуының үлкен мөлшерде байқалатынын куәсі ретінде, мезадиастолалық шу 
естіледі. Өкпеде қысым артқанда және кіші қан айналым шеңберінде, қан айдауы
төмендегенде, мезадистолалық шу жойылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет