Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет272/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ажырату диагнозды
іштің қайталама жедел ауырсынумен білінетін аурулармен 
жүргізеді. ФД-ны ажыратуды асқазанның созылмалы ауруларымен – созылмалы гастрит, 
гастродуоденит, ойық жара ауруымен жүргізеді.
ФД емі және алдын алу
себептерін жоюға негізделген. Емнің негізгі бағыттары:
1.
Өмір салтын және тамақтануды қалыптастыру
. Емдәм қоздырғыш тағамдарды 
алып тастауды қамтиды: ащы, майлы, қуырған, ысытылған тағамдарды, газдалған 
сусындарды, кофе, шоколадты, шайнайтын сағыздарды. Ретімен, күніне 4-5 рет, бір 
уақытта тамақтану керек. 
2.
Фондық ауруларды емдеу.
Нейровегетативті бұзылыстарды қалыптастыру

• ваготониялық жағдайларда тыныштандыратын әсері бар селективті емес холинлитик-
тер (беллоид, беллатаминал) беріледі
• невроздар белгілері байқалса – тыныштандыратын шөптер (сасық шөп, валериана), 
кішкене транквилизаторлар (сибазон, тазепам, нозепам, мепробамат және т.б.) 
беріледі, психотерапия жүргізіледі. 
• депрессивті жағдайларда, секемшілдікте – аз мөлшерде антидепресанттар (фенибут, 
эглонил, амитриптилин, мелипрамин), адаптогендер (женьшень, элеутерококк, қытай 
лимоннигі, алтын тамыр және т.б.) беріледі. 
• нейрореттеуші механизмдерге әсер ету үшін акупунктура, электропунктура («Аксон-2), 
физиотерапия, электофорез кальциймен немесе бром дәрілерімен жаға аймағына, 
ЕДШ, нүктелік және сегменттік массаж, сулық процедуралар (суасты массаж, 
циркулярлы массаж және т.б.).
3.
Асқазан функциясын қалыптастыру
қосымша мақсат болып келеді. Әдетте, ФД-
да себептерін жоюға бағышталған ем жүргізу жеткілікті болып келеді.
4.
Моторикалық бұзылыстарды қалыптастыру: 
• бүріп, толғақ тәрізді ауырғанда спазмалитиктер (папаверин, но-шпа), селективті 
емес холинолитиктер (белладона препараттары, бускопан), спазмалитикалық шөптер 
жиынтығы (мята, түймедақ) беріледі. 
• сфинктерлер жетіспеушілігінде және патологиялық рефлюкстерде прокинетиктер:
дофа-рецепторлары блокаторлары (мотилиум) және селективті холиномеметиктер 
(пропульсид) қолданылады. 
Сөліністік бұзылыстарды қалыптастру. 
Асқазанның сөліністік функциясы жоғары 
болса антацидтер (маалокс, фосфалюгель), қышқыл өнімі өте жоғары болса – селективті 
холнинолитиктер (гастроцепин, риабол, телезепин) тағайындалады.
Алдын-алу
тиімді күн тәртібіне, оңтайлы тамақтануға, физикалық және 
психоэмоциялық салмақтың сәйкес болуына жағдай жасаудан тұрады. 
Диспансерлік бақылау
1 жыл бойына жүргізіледі. Арудың субъективті шағымда-рын, 
объективті жағдайын бағалап, бақылауға бағышталған ЭГДС жүргізіп, қажет болса 
биопсия жасайды. Макро-микроқұрылым деңгейінде өзгерістер анықталмаса, науқасты 
есептен шығарады. ФД дұрыс емдеп, бақылаған жағдайда, себептерін анықтап жойып 
отырса, жазылып кетуі мүмкін, бірақ созылмалы гастрит, тіптен ойық жараға ауысуы
мүмкін екендігін естен шығармау керек.
10.1.3. ЖЕДЕЛ ГАСТРИТ 
Жедел гастрит –
асқазан кілегей қабатының жедел қабынуы.


440 
Этиологиясы: 
жедел гастрит дамуында негізгі себептер: тағамдық токсикоинфек-
ция, зиянды тағамдар қолдану, асқазанға шектен тыс жүктеме түсіру, тағамды жеткілікті 
шайнамау, тұрмыстық улармен улану, аллергия, әртүрлі дәрілік заттарды ұзақ қолдану 
(сульфаниламидтер, салицилаттар).
Патогенезі:
асқазанның кілегей қабатында бактерия токсині, олардың ыдырау өнімі, 
адекватты емес тағамдар әсер етіп, оның трофикасын бұзады. Бұл асқазанның сөліністік 
қызметінің бұзылыстарына әкеледі. 
Клиникалық көрінісі
: жедел гастрит көрінісі этиологиялық фактор әсерінен соң 8-12 
сағаттан кейін көрініс береді. Алиментарлы себепті жедел гастрит дискомфорт, жалпы 
әлсіздік, жүрек айну, сілекей ағу, ауызда жағымсыз дәм пайда болумен білінеді. Кейін бас 
айналу, тәбет төмендеу, бара-бар тәбеті толықтай жойылады, қайталамалы құсу, ол 
жақсаруға әкеледі және іштің жоғарғы жартысында ұстама тәрізді сипаттағы ауырсынулар
қосылады. Құсық құрамында тағам қалдықтары анықталады. 
Объективті қарағанда бала бозғылт, тілі ақ-сағыш жабындымен жабылған, метеори-
зм, эпигастрий аймағында пальпацияда ауырсыну анықталады. Ауру ұзақтығы – 2-5 күн. 
Токсико-инфекциялық себепті гастритте жоғардағы шағымдарға анық интоксикация-
лық симптомдар қосылады: дененің фибрильді қызбасы, ұзаққа созылған диарея, 
сусыздану симптомдары. Ауру ұзақтығы 7-10 күн. 
Емдеу:
алғашқы 2-3 күні төсектік режим тағайындалады. Емді асқазанды, ішекті 
тағам қалдықтарынан тазалауды бастайды. Асқазанды жылы NaCl ерітіндісімен 1%-дық 
натрий гидрокарбонатымен, минеральды немесе қайнаған сумен жуады, ал ішекті тазарту 
үшін клизма қолданады. Ішекке тұзды іш жүргізетін препараттар береді. Сусыздану 
байқалса, изотониялық натрий хлориді ерітіндісін 5%-дық глюкоза ерітіндісімен, Рингер 
ерітіндісін қосып парентеральды түрде тағайындайды. Тоқтаусыз құсық кезінде 0,1 
мл
/
жасына 
аминазин тағайындайды. 
Маңызды орынды емдік тамақтандыру алады. Бұл кезде ана сүті, көп мөлшерде 
сұйықтық – мұздатылған шай, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 5%-дық 
глюкозамен қосып тағайындайды. Сұйықтықты аз мөлшерден жиі-жиі береді. Ересек 
балаларға кілегейлі суп-пюре, майсыз сорпалар, қытырлақ нан, кисель, ботқалар беруге 
болады, 5-7 күннен кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырады. Тағамның 
рационынан ащы тамақтар, қуырылған ет, консервілер алынып тасталынады. 
Токсико-инфекциялық гастритте антибактериальды терапия (ампицилин, оксацил-
лин, ципорин, гентамицин), ферменттер, В-тобының витаминдерін тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет