Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет446/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Сарғаю кезеңі 
біртіндеп сарғаюдың қарқындылығының артуы, интоксикациялық 
және диспепсиялық белгілердің, ішінің ауруының күшеюімен, брадикардия, қан қысымы-
ның төмендеуі сияқты ваготония белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Дақты-
папулезді бөртпе, буындардың ауруы байқалуы мүмкін. Сарғаю кезеңі, дерт асқынусыз 
ағымды болса, шамамен 1 айға созылады. 
Қалыптасу кезеңі 
2-15 айға созылады. 
Гепатит В-нің қатерлі түрі (фульминантты түрі) 
бір жасқа дейінгі балалар-
да және есіртке қолданатын (наркоман) жасөспірімдерде кездеседі. Ауру жедел басталады: 
дене қызуы 38-39
о
С дейін көтерілетін қызба, интоксикация белгілері (енжарлық, адина-
мия, мазасызданумен кезектесіп тұратын ұйқышылдық), айқын диспепсиялық бұзылыстар 
(кекіру, құсу). Сарғаю алды кезеңінің ұзақтығы бір апта шамасындай.
Сарғаю кезеңі 
бауырдың мөлшерінің ұлғаюымен және сарғаюдың қарқынының тез 
артуымен, психомоторлық қозумен, қан аралас қайталап құсумен, іштің кебуімен, гемор-
рагиялық синдроммен, қызбаның, диурездің төмендеуімен сипатталады. Құрысудың
токсикалық тыныстың, бауырдың кішіреюімен бауырлық істің пайда болуы – кома 
алдының алғашқы белгілері болып келеді. 
Прекомада 
– психомоторлық қозумен, тремор-
мен, кейбір бөлек бұлшықеттер тобында құрысулық қимылдармен, құрысулармен қатар 
кезеңдік ақыл-есінің жойылуымен, адинамия, ұйқышылдық байқалады. Көз қарашығы-
ның, жарыққа реакциясы сақталған, іш рефлексі анықталмайды. Прекомалық жағдай 
бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады. Кома-1 санасы толық жойылып, бала 
мазасызданады, қарағанда жауап болмайды, көз қарашығы тарылады, жарыққа реакциясы 
енжар болғанда қойлады. Жұтынуы бұзылмайды. Ауырсыну қоздырғыштарына жауабы 
сақталады. Геморрагиялық синдром, ауызынан шыққан бауыр исі, ішінің кебуі, үдей түсіп, 
олигоурия пайда болады. 1-2 тәуліктен кейін кома-2 ауысады. Бұнда ауырсыну 
қоздырғыштарына жауабы болмайды, кеңейген көз қарашығының жараққа реакциясы 
жойылады, Куусмауль немесе Чейн-Стокс тынысы, күрт тахикардия, құрысулар 
байқалады. Кома бірнеше сағаттан тәулікке дейін созылады.


669 
Перинатальды гепатит В.
Егер жүкті әйел бірінші триместрде гепатит В 
ауырса, туа біткен туа біткен гепатит В пайда болу қаупі өте төмен, ал екінші триместрде 
болса нәрестелердің ¼ бөлігінде байқалады, ал үшінші триместрде анасы ауырса туа 
біткен гепатит В біліну қаупі 2/3 нәрестелерде байқалуы мүмкін. Бала көбіне туылу 
жолдары арқылы өткенде жұқтырады.
Гепатит С. 
Балалардың көбінде HCV-инфекция симптомдарсыз өтеді немесе 
белгілері өте аз болып келеді
. Егерде гепатит С жедел басталса гепатит А ұқсас болады (5 
кестені қара ). Сарғаю өте сирек байқалады (15-40% балаларда ғана болуы мүмкін). HCV 
-инфекцияның персистенциясы, тіптен бауыр функциясы толық қалыптасқан болсада,
гепатитпен ауырған балалардың 75-85%-да байқалады. HCV-инфекциясын тасымалдау-
шылар ішінде 60-70% жағдайда созылмалы гепатит, 10-20% бауыр циррозы, гепатоцел-
люлярлы карцинома балуы мүмкін. HCV-инфекциясын тасымалдаушы аналардың 
балаларында 4-5% жағдайда туа тікен гепатит болуы мүмкін.
Гепатит D. Сыртқы қабығы гепатит В-ның беткей антигені (HBsAg) болып келетін 
дельта-вируспен шақырылады, сондықтан Гепатит D В гепатитімен ауыратын немесе 
HВsAg тасымалдаушыларында байқалады. Клиникалық белгілері гепатит В бірдей болады 
Құрал-жабдықтық диагностика.
Бауырды, өт шығару жолдарын ультра-дыбыстық 
зерттеу. 
Лабораториялық диагностикасы
. Қан сарысуындағы трансаминзалардың (АЛТ, 
АСТ) активтілігін; билирубин және оның фракцияларын анықтайды. Жалпы қан (ЭТЖ 
жоғарлауы) және зәр анализдері жүргізіледі. Гепатоциттердің зақымдалуын анықтауда 
бауырарнамалық ферменттердің -гамма-глютамилтрансфераза, глютаматдегидрогеназа, 
уроканиназа, фосфор- 1-фосфатальдолаза- активтілігін анықтау маңызды болып келеді. 
Бірақ, тәжрибеде АЛТ және АСТ активтілігін анықтаумен шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет