Байланысты: ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ CLIL ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН МОДЕЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУ
C3 моделі: тіл үйретуді қолдай отырып пәндік курстар ұйымдастыру. Мамандандырылған оқыту бағдарламалары тек кәсіби емес, сонымен қатар тілдік дағдыларды дамытуды да қамти отырып жасалады. Бұл модельде оқыту процесін пән мұғалімдері де, тіл мамандары да жүзеге асырады. Тілдік дағдылары нашар болса да, оқушы бүкіл оқу процесінде қолдау ала алады, бұл өз кезегінде пәнді де, сол пән оқытылатын тілді де меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл модельді әр түрлі деңгейдегі студенттерге қолдануға болады. C1 моделі белгілі бір мамандандырылған университеттерде ғана жүзеге асырылады (мысалы, бизнес және менеджмент), ал C2 және C3 модельдері ең кең таралған болып есептеледі.
ЖОО-да пән мен тілді кіріктіріп оқыту теориялық және практикалық зерттеулер тұрғысынан енді өсіп келе жатқан бағыт болып табылады. Университеттерде мұндай оқытуды қалай жүзеге асыруы керектігіне байланысты бірыңғай тұжырымдама жоқ. Әрбір жоғары оқу орнының шет тілінде оқытудағы әдіс-тәсілдерді таңдауда өзіндік ерекшеліктері болады [9, 5].
Қорытындылай келе, CLIL-ді салыстырмалы түрде жаңа оқыту әдістемесі деп айтуға болады. Бұл студенттерге кәсіби пәндерді шет тілі арқылы оқытудың (teaching content through foreign language) және де шетел тілін пәннің өзі арқылы оқытудың бірден-бір қолайлы әдісі деп санауға болады (teaching foreign language through content). Бұл әдістеме шет тілдері оқытушыларына, сондай-ақ шет тілінде сөйлейтін және университетте негізгі пәнінен сабақ беретін бірқатар оқытушыларға үлкен қызығушылық тудырады. Сонымен, екі бағытты біріктіре отырып, пән мұғалімдері өздерінің негізгі пәндерін шет тілінде үйретіп ғана қоймай, сондай-ақ өз сабағында шет тілін оқытудың коммуникативті әдістерінің элементтерін де қолдана отырып, тілді оқытудың маңызды құралдарын қолдана алады: грамматика, сөздік қор және т.с.с. Бұл өз кезегінде университеттегі оқу бағдарламасын жеңілдетуге және жаңартуға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Воног В. В. Компетентностный подход в обучении иностранным языкам в аспирантуре / В. В. Воног, О. А. Прохорова // Вестник ТГПУ. – 2015. – № 12 (165). – С. 25-29.
Яроцкая Л. В. Иностранный язык и становление профессиональной личности (неязыковой вуз) / Л.В. Яроцкая // Монография. – М.: Издательство ТРИУМФ, 2016. – С. 258.
Литвишко О. М. Компетентностно-ориентированная модель обучения: преимущества методики CLIL в преподавании профессионально-ориентированного английского языка / О. М. Литвишко, Ю. А. Черноусова // Материалы научно-методических чтений ПГЛУ. – 2015. – С. 44 – 47.
Marsh, D. CLTL / EMILE – the European Dimension: Actions, Trends and Foresights Potential [Electronic resource] / D. Marsh // Brussels: The European Union. – 2002. – URL: http://userpage.fu-berlin.de/elc/bulletin/9/en/marsh.html (дата обращения: 23.04.2017).
Sandra Attard Montalto. The CLIL Guidebook [Electronic resource]/ A. Montalto, L. Walter, M. Theodorou, K. Chrysanthou // Lifelong Learning Program. – 2015. – URL: https://www.goethe.de/en/spr/unt/kum/clg/20782495.html (дата обращения: 23.04.2017).
Ioannou Georgiou, Sofie and Pavlu, Pavlos: Guidelines for CLIL Implementation in Primary and Pre-primary Education [Electronic resource] / G. Ioannou // Comenius Socrates Project. – P. 157. – URL: http://www.schools.ac.cy/klimakio/Themata/Anglika/teaching_material/ clil/guidelinesforclilimplementation1.pdf (дата обращения: 23.04.2017).
Mehisto P. Uncovering CLIL: Content and Language Integrated Learning in Bilingual and Multilingual Education / P. Mehisto, D. Marsh, M. Frigols // Macmillan Oxford, 2008. – P. 240
Coyle D. CLIL: Content and Language Integrated Learning / D. Coyle, Ph. Hood, D. Marsch // Cambridge University Press, 2010. – P. 182.
Бурдакова О. Н. Методика интегрированного обучения предмету и языку в учебном процессе Нарвского колледжа ТУ [Электронный ресурс] / Бурдакова О.Н., Джалалова А.А., Рауд Н.П. //. – 2011. – 67 С. – URL: http://docplayer.ru/42474789-Metodika-integrirovannogo-obucheniya-predmetu-i-yazyku-v-uchebnom-processe-narvskogo-kolledzha-tu.html (дата обращения: 23.04.2017)