«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет52/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Негізгі терминдер: қарыз алушы, несие қабілеттілігі, несие тарихы, несие бюросы, ссуда, скоринг жүйесі.

7.1 Қарыз алушының несиеқабілеттілігінің түсінігі. Қарыз алушының несиелік тарихы.


7.2 Несиелік бюро: әлемдік тәжірибе, Қазақстанға тәжірибеге енгізу. Несие тәуекелін бағалау әдістері.


7.1 Қарыз алушының несиеқабілеттілігінің түсінігі. Қарыз алушының несиелік тарихы.


Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі бұл – қарыз алушының алған қарызы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеттігін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілеттілігін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады.
1) Ссудаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс.
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп – қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілеттілігін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
Несиелік операциялардың табыстылығының артуы несиелік тәуекелді бағалаудың сапасымен тікелей байланысты. Клиенттердің тәуекелділік топтары бойынша жіктелуіне байланысты банк несиені беру, несие шегін анықтау және проценттерді белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Қазіргі уақытта еліміздің несие нарығы жоғары қарқынмен дамып, кемелдену дәрежесіне жетті деуге болады. Несие нарығының дамуының бірден бір себебі – депозиттерді сақтандыру жүйесінің құрылуы болып табылады. Бұл жүйенің қалыптасуы халықтың банк жүйесіне деген сенімін арттыра түсіп, банк қарамағында қаржы ресурстарының шоғырлануына ықпал етті. Ал, банктер өз кезегінде осы ресурстарды тиімді орналастыру мақсатымен тұтыну несиесі нарығында белсенді саясат жүргізе бастады.
Банктердің дәл осы нарықты таңдауы бірқатар себептермен түсіндіріледі:
- біріншіден, бұл әлде де болса, кең көлемді нарық. Мұнда бәріне де орын бар;
- екіншіден, жеке тұлғалар банктің саясатына, оның қаржылық өнеркәсіптік топтарға кіруіне баса назар аудармайды. Жеке тұлғалар үшін банктің жарнамасы мен несиені рәсімдеудің жылдамдығы, жеделдігі маңыздырақ;
- үшіншіден, қарыз алушы жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда жоғары пайыздық мөлшерлемені төлеуге дайын. Бұл мәселе жеке тұлғаның қарызға алған сомасының абсолютті мөлшеріне байланысты. Себебі, жеке тұлғалар корпоративті клиенттерге қарағанда аз көлемде несие алады, ал бұл кезде несие бойынша төленетін сыйақы қарыз алушыға айтарлықтай әсер етпейді;
- төртіншіден, тұтыну несиесінің тәуекелі корпоративті несиеге қарағанда төмен. Себебі, тұтыну несиесінің есебінен қалыптасқан несиелік қоржынның диверсификациялану дәрежесі жоғары болады;
- бесіншіден, тұтыну несиесі тек қана банктер емес, сонымен қатар банктердің клиенттері болып табылатын сауда ұйымдарына да тиімді.
Алайда, тұтыну несиесіне тән негізгі кемшілік – тұтыну несиесінің шағын көлеміне байланысты. Егер корпоративті несиені бір дана ретіндегі жұмыспен салыстырса, тұтыну несиесі жаппай түрде берілуі қажет және бұл жағдайда несиелік арызды қарастыру мен қабылдау қағидаларын түбегейлі қайта қарастыру қажет.
Несие тарихы – өмірдерек тәріздес. Несие алған уақытынан оны қайтарғанға дейін бәрі түгел жазылады. Тіпті кешіктірілген күнгі сағат, минутына дейін көрсетіледі. Деректерді «Бірінші несие бюросы» жинайды.
Келесі несие рәсімдегеніңізде банк менеджерлері «Бірінші несие бюросынан» несие тарихыңызды сұратады. Несие тарихында уақытынан кешіктіріліп төленген жағдай бар болса, онда несие тарихыңыз бүлінеді. Қайта несие берілмеуі әбден мүмкін.
Несие тарихы қаржылық құжат ретінде сақталады. Тіпті сіз тегіңізді, құжаттарыңызды түгелімен, мекен-жайыңызды өзгертсеңіз де сіздің атыңызда қалады. Әркім де несие тарихын өзі бақылап отыруы тиіс. «Несиемді жаптым» деп арқаны кеңге салуына да болмайды. Төленбей қалып кеткен тиын-тебен жылдар өте үлкен сомаға айналып алдыңыздан шығуы әбден мүмкін. Сондықтан жылына екі рет тексеріп тұрғанның артықтығы жоқ.
Несие тарихын интернет арқылы екі түрлі жолмен тексертуге болады. Біріншісі, Электронды-сандық қолтаңба (ЭЦҚ) және банктің төлем картасы арқылы egov.kz электронды үкімет порталы арқылы несие есебін білу. Екіншісі, www.myth.kz порталы мен «Бірінші несие бюросының» www.1cb.kz сайтынан алу. Қызмет құнына келер болсақ, несие тарихы жылына бір рет тегін беріледі, ал сол жылы қайтадан алу қажет болса әр алғанға 400 теңге төлеу керек.
«Қара тізімге» еніп кетпеу үшін. «Credit Control – несие тарихын бақылау» жүйесіне қосылудың пайдасы мол. Несие тарихыңызда қандай да бір өзгерістер орын алатын болса, сіздің ұялы телефоныңызға немесе электронды поштаңызға хабарлама келеді. Деректен қате тапсаңыз, онда ол деректі жіберген банкке немесе несие бюросына несиенің уақытында төленгенін дәлелдейтін түбіртекті қосып, өтініш жазу қажет. Банк қызметкерлері сіздің өтінішіңізді қарап, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сіздің талабыңыз дұрыс болған жағдайда несие тарихына түзету енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет