«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Коммерциялық банктің несиелік саясаты



бет50/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

6.2 Коммерциялық банктің несиелік саясаты.


Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен əдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру қағидаттары жəне тəртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін жəне несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында, несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін жəне несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты жəне мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тəуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
• несиенің берілуіне жəне несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
• несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-əрекеттерін;
• сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын жəне банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
• ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылаужасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына жəне оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
несиелік портфелді басқару;
• несиелеуге бақылау жасау;
• құзіретті бөлу қағидаттары;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тəсілдері мен əдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
1. несиелеу саясаты;
2. несиелеу стандарты;
3. несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта -«Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету»- біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет