Несиепайызының жай ставкасы әдетте есептеу аралығы есептеу кезеңімен үйлесетін қысқа мерзімді қаржы операциясында (және мерзімі, әдетте, бір жылдан кем болады) немесе әрбір есептеу аралығынан кейін кредиторға пайыз төленгенде қолданылады. Әрине, несие пайызының жай ставкасы операцияға қатысатын тараптардың уағдаластығы бойынша кез келген басқа жағдайда да қолданылуы мүмкін.
Төмендегілерді енгіземіз:
i – пайыздың жылдық ставкасының салыстырмалы мөлшері;
P – бастапқы ақша сомасының мөлшері;
S - өскен сома;
n – есептеу кезеңінің жылмен саналған ұзақтығы;
d – есептеу кезеңінің күнмен саналған ұзақтығы;
К – жылдың күнмен саналған ұзақтығы.
Қаржы операциясының ұзақтығын анықтау тәсіліне байланысты не дәл пайыз немесе дағдылы (коммерциялық) пайыз есептеледі. Несие берілген және ол өтелген күн деп әруақытта бір күн саналады. Мұның өзінде келесі екі нұсқа болуы мүмкін:
несиенің дәл күні пайдаланылады, ол жылдың әрбір күннің рет нөмірі көрсетілген арнайы кесте бойынша анықталады; қарыз аяқталатын тиісті күннің нөмірінен бірінші күннің нөмірі шегеріледі;
толық айдың ұзақтығы 30 күнге тең болады деп қабылдан несиенің болжамды күн саны алынады; осы әдіс, мысалы, қарыз ішінара өтелгенде, яғни өте дәлділік талап етілмеген жағдайда қолданылады.
Дәл пайыз уақытша база ретінде жылдағы нақты күн саны (365 немесе366) және несие күнінің дәл саны алынған жағдайда есептеледі.
Өскен S соманың қазіргі Р мөлшерін анықтау дисконттау, ал өскен S соманың мөлшерін анықтау – компаудингтеу деп аталады.
S = P(1 + і · n) – жай несие ставкасы бойынша компаудингтеу;
– жай несие ставкасы бойынша дисконттау.
Егер несиенің ұзақтығы бір жылдан кем болса, онда төмендегі формулаларды пайдалануға болады:
Формулаларды түрлендіре отырып (яғни оларға кіретін формулаларды эквиваленттіге ауыстырып және бір мөлшерді басқалар арқылы көрсетіп) түрлі жағдайларда белгісіз мөлшерді табу үшін тағы да бірнеше формула аламыз:
Егер кезекті есептеу аралығынан кейін кіріс (яғни осы аралықта есептелген пайыз) төленбей, осы аралықтың басында бар ақша сомасына қосылса, онда өскен соманы анықтау үшін күрделі пайыз формулалары қолданылады. Қазіргі уақытта күрделі несие пайызы түрлі қаржы операцияларында пайыздық ставканың біршама таралған түрі болып табылады.
Есептеу кезендерінің бүтін саны үшін күрделі пайыз формуласы, ал қалған бөлік үшін жай пайыз формуласы пайдаланылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта пайызды жарты жыл, тоқсан сайын және ай сайын есептеу кеңінен таралған ﴾кейбір кезде күн де есептеу аралығы болуы мүмкін). Кезеңділігі белгіленіп есептелетін аталмыш пайыз дискреттік деп аталады.
Пайыз есептеудің антисипативтік тәсіліеде алынатын кіріс сомасы есептеу аралығы өткеннен кейін алынатын сомаға байланысты (яғни өскен сомадан) есептеледі. Осы сома алынатын кредиттің (немесе несиенің) мөлшері ретінде саналады. Бұл жағдайда пайыз әрбір есептеу аралығында есептелетіндіктен, қарыз алушыға берілетін сомадан пайыздық ақша шегеріледі. Аталмыш операция есептік ставка бойынша дисконттау, сондай-ақ коммерциялық немесе банк есебі деп аталады. Есептік ставка бойынша алынған кіріс, яғни кредиттің мөлшері мен тікелей берілетін соманың арасындағы айырма дисконт деп аталады.
Төмендегілер:
d(%) – жай жылдық есептеу ставкасы;
d – есептік ставканың салыстырмалы мөлшері;
Dг – жыл ішіндегі төленетін пайыздық ақшаның сомасы;
D – пайыздық ақшаның жалпы сомасы;
Кн - өсу коэффициенті
S – қайтарылуға тиіс сома;
P – қарыз алушы алатын сома болсын.
Сонда анықтамаға сәйкес келесі формулалар алынады:
Іс жүзінде есептік ставка негізінен вексельді және басқа да ақша міндеттемелерін есептегенде (сатып алғанда) қолданылады.
Келтірілген формуладан берілген өзге талаптарда есептеу кезеңін және есептік ставканы анықтау үшін келесі екі формуланы шығаруға болады:
Енді күрделі пайызды есептеудің антисипативтік тәсілін қарастырайық. Күрделі есептік ставка бойынша компаудиттеу мен дисконттау келесі формулалар бойынша жүзеге асырылады:
Әдебиетте кері бағамдық әдіс қарыз алушы үшін, ал антисипативтік- кредит беруші үшін тиімдірек деген пікірді кездестіруге болады. Мұндай елеусіз алшақтықты пайыздық ставка үшін ғана қолайлы деп айтуға болады. Пайыздық ставка ұлғайған сайын өскен соманың мөлшеріндегі айырма ұлғаяды (мұның өзінде оның өзі n өскен сайын өседі) және тиімділік жағынан екі әдісті салыстырудың пайдасы жоқ.
Кері бағамдық тәсілдегідей антисипативтік пайыз есептеудің түрлі нұсқалары қолданылуы мүмкін (қысқа – жылдан аз – аралық үшін есептеу, жылына m рет есептеу және т.б.). оларға сәйкес алынған формулалар үйлесетін болады.
Мәселен, есептеу кезеңі бүтін сан болмаса, онда:
Жылына m рет пайыз есептейтін формула:
Мұның өзінде mn - бүкіл есептелетін кезеңдегі есептеу аралықтарының бүтін саны, 1 – есептеу аралығының бөлігі.