«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық



бет56/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

8.2 Цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық.


Цессия (лат. cessio —табыстау,беру)—өзінің меншікті, құрал - жабдықты, қаражатты иеленуі немесе оларды алуы құқығын басқа адамға ұсыну, табыстау, яғни шарт бойынша талаптан қайту, шегіну жолымен атаулы (есімді) бағалы қағаз бойынша меншік құқығын табыстау; қаржы активі бойынша талап құқықтарын басқа адамға ұсыну.
Цессияның индоссаменттен негізгі айырмашылықтары: цессия бағалы қағаздың өзіне табыстау қолтаңбасын түсіру түрінде де, сатып алу-сатудың, сыйға тартудың жекелеген шарты нысанында да ресімделуі мүмкін; екі жақты шарт болып табылады, ал индоссамент — бір жақты мәміле; цессия бойынша құқық ішінара немесе уағдаласылған шарттар орындалғанда табысталады, ал индоссамент бойынша бағалы қағаз жөніндегі құқық сөзсіз және толық табысталады; индоссамент атаулы, бланкілі немесе өкілдікті болуы мүмкін, ал цессия тек қана атаулы болады. Цессия кезінде талаптан шегінетін тарап (цедент) цессионарийге берілетін құқықтың жүзеге асырылуы үшін емес, оның шынайылығы үшін ғана жауап береді, ал индоссамент кезінде вексель бойынша құқықты табыстаушы (индоссант) индоссат алдында құқықтардың жүзеге асырылуы үшін де, олардың шынайылығы үшін де жауап береді. Цессияның айрықша нысаны — қайта сақтандыру.
Бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл-хат- қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепіл-хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет