«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Сыйақы ставкасын есептеу тәртібі



бет59/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

9.2 Сыйақы ставкасын есептеу тәртібі

Сыйақы төменде келтiрiлген формула бойынша есептеп шығарылады, содан кейiн проценттiк сан үтiрден кейiнгi барынша көп белгiмен есептеп шығарылады, есептеу нәтижесi үтiрден кейiнгi екi белгiге дейiн дөңгелектенедi.


Сыйақыны есептегенде, сыйақыны есептеп шығарудың мынадай әдiстерi қолданылады:
1) қарапайым әдiс - сыйақы банктік заем (салым (депозит) бойынша негiзгi борыш сомасына ғана есептеледi және мынадай формула қолданылады:
i*p*n
I = ______
36000,
бұл жерде, i - проценттердiң жылдық ставкасы;
р - (салымның (депозиттiң) берешектiң қалдығы;
n - кезең iшiндегi процент есептелетін күндер саны;
2) күрделi әдiс - сыйақы банктік заем (салым (депозит) бойынша негiзгi борыш сомасына ғана емес, әрi бұрын есептелген сыйақыдан түскен табыс сомасына есептеледi және мынадай формула қолданылады:
I = Р [(1+i/1200) n -1],
бұл жерде, i - проценттердiң жылдық ставкасы;
n - банктік заемның (салымның (депозиттiң) айға (айдың бөлшегiне) созылған ұзақтығы;
Р - банктік заемның (салымның (депозиттiң) бастапқы сомасы;
I - заемның (салымның (депозиттiң) бүкiл мерзiм iшiндегi есептелген проценттерiнiң сомасы.
Егер заем беру мерзiмi iшiнде заем бойынша берешегiнiң бiр бөлегi мерзiмi өткiзiлген заем шотына жатқызылса, (заемдарды қоспағанда) мерзiмi өткiзiлген заем бойынша берешегiне есептелген сыйақы сомасын анықтау үшiн мерзiмi өткiзiлген берешек (тұрақсыздық айыбы) бойынша сыйақы ставкасы пайдаланылады және мынадай формула қолданылады:
Iq= Q/ [(1+iq/1200)t1 -(1+iq/1200)t2],
бұл жерде
Iq - мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша есептелген проценттерiнiң сомасы;
Q - мерзiмi өткiзiлген берешектiң сомасы;
iq- мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша проценттiк ставка;
t1 - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзiлген берешек бойынша процент есептелетiн күнге дейiнгi уақыт кезеңi;
t2 - заем беру басталған күннен мерзiмi өткiзілген берешек пайда болған күнге дейiнгi уақыт кезеңi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет