«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


ДӘРІС 11. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ Дәрістің мақсаты



бет62/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

ДӘРІС 11. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУ


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға банктің несиелік портфелі және проблемалық несиелерді басқару туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: несиелі портфель, тәуекел, бейтараптандыру

11.1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелі. Сапалы несиелік портфелді қалыптастыру проблемалары.


11.2 Несиелік тәуекел түсінігі және оны төмендету тәсілдері.


11.1 Коммерциялық банктердің несиелік портфелі. Сапалы несиелік портфелді қалыптастыру проблемалары.

Бүгінгі күнде Қазақстан банктік секторының ағымдық жағдайына бір мәнді баға беру мүмкін емес, себебі банктік қызметтің барлық сферасында жоғары тэуекелдер сақталуда. Банктің дерлік барлығы өзін банкроттықтан сақтандырылғанына кепілдік бере алмайды. Оған себеп олардың активтерінің қүрамының ең үлкен бөлігін несиелік операциялар алып отырғандығымен жэне сәйкесінше, оның несиелік қызметінде жоғарғы тэуекел сақталып қалуымен түсіндіруге болады. Банктердің нақты секторға несие беруге қүлықты болмауының себебі, банктердің экономиканы дамытуға деген ықыласының азайғанынан емес, өздерінің несиелік портфелінің сапасының төмендігіне байланысты болып отыр. Егер несие алушы жеке түлға немесе заңды түлға оны төлеуге қабілетті, сенімді болған жағдайда ол портфелдегі сапалы несиелік ресурс болып есептеледі.


Қазіргі жағдайда көптеген несиелердің қайтарымы төмен, банктердің қолындағы кепіл мүліктер бағасы төмендеуде, олар жөнінде қайта қүрылымдау туралы эңгіме қозғалуда. Кейбір банктердің несие портфелінің 30-35 % нашар несиеден түрады. Осыған байланысты дағдарыстан кейінгі жағдайда коммерциялық банктер үшін несие беру формаларын жетілдіру мен оның несие портфелінің сапасын жоғарылату маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Несиелік портфель - бүл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген жэне берілген несиелердің сапасы мен қүрылымының сипаттамасы. Сонымен қатар несиелік портфель - бүл несиені үсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме жэне кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады. Осы критерий арқылы коммерциялық банктің несие қоржынының сапасы анықталады, ал оның табыстылық деңгейі жэне көлемі мен қүрылымына тәуелді болады. Жалпы алғанда банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау жэне талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.
Несиелік портфельді басқару - бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды жэне олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады. Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар: - нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу; несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тэуекелді талдау формасын жасау; эр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау; төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау; жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату; несиеге баға белгілеу саясатын дайындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет