Бақылау сұрақтары:
1. Банктік несиелерді қамтамасыз ету нысандарын жіктеу.
2. Кепілзаттың мәні және оның қаражаттарды пайдалануды қаматамасыз ету тәсілі ретінде.
3. Цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық.
ДӘРІС 9. БАНКТІК ПАЙЫЗ ЖӘНЕ ПАЙЫЗДЫҚ ЕСЕПТЕУ
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға коммерциялық банктердің пайызы мен сол пайыздарды есептеу жолдары туралы мағлұматтар беру.
Негізгі терминдер: пайыз, пайызды есептеу, пайыздарды қорландыру, дисконттау, жәй және күрделі пайыздар.
9.1 Пайыздық ставкаларды есептеу әдістері.
9.2 Сыйақы ставкасын есептеу тәртібі
9.1 Пайыздық ставкаларды есептеу әдістері.
Пайыз – капиталды түрлі формада (несие, кредит және т.б.) борышқа беруден немесе өндірістік немесе қаржы сипатындағы инвестициядан түсетін кіріс.
Пайыздық ставка – пайыз есептеу қарқындылығын сипаттайтын мөлшер.
Алынатын кірістің (яғни пайыздың) мөлшері салынатын капиталдың мөлшеріне, ол борышқа берілетін немесе инвестицияланатын мерзімге, сондай-ақ пайыздық ставканың мөлшері мен түріне (кірістілік ставкасына) байланысты анықталады.
Есептеу кезеңі – пайыз есептелетін (кіріс алынатын) уақыт аралығы.
Бұдан әрі есептеу кезеңі ақша берілетін мерзіммен үйлеседі деп қарастырамыз. Есептеу кезеңі есептеу аралықтарына бөлінуі мүмкін.
Есептеу аралығы – пайыз есептелетін барынша аз уақыт кезеңі.
Борыштың бастапқы ставкасының ұлғаюы (өсуі) - борыш сомасының есептелген пайызды (кірісті) қосу есебінен ұлғаюы.
Пайыз капитализациясы —негізгі борыш сомасына пайыздардың қосылуы.
Пайыз есептеудің екі тәсілінде пайыздық ставка жай (егер ол есептелген бүкіл кезең бойы сол бір бастапқы ақша сомасына қолданылса) немесе күрделі (егер әрбір есептеу аралығы өткеннен кейін ол борыш сомасына және өткен аралықтар үшін есептелген пайызға қолданылса) болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |