Бап. Медиацияның қолданылу саласы


-бап. Медиация тараптарының тең құқылығы



бет3/11
Дата08.02.2022
өлшемі27,7 Kb.
#118840
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
медиация

6-бап. Медиация тараптарының тең құқылығы
Медиация тараптары медиаторды, медиация рәсімін, ондағы өз ұстанымын, оны талап ету тәсілдері мен құралдарын таңдау кезінде, ақпарат алу кезінде, дау-шарды реттеу туралы келісім шарттарының қолайлылығын бағалауда тең құқықтарды пайдаланады және өздеріне тең міндеттер жүктейді.
7-бап. Медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы.Медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік
1. Медиацияны жүргізу кезінде медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардан тәуелсіз болады. Медиатор осы Заңда жол берушілік айқындалатын медиация құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.
2. Медиатор бейтарап болуға, медиацияны екі тараптың мүддесі үшін жүргізуге және медиация рәсіміне тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Медиатордың бейтараптылығына кедергі келтіретін жағдайлар болған кезде ол медиацияны жүргізуден бас тартуға тиіс.
3. Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тарапынан араласуына жол берілмейді.
8-бап. Құпиялық
1. Медиацияға қатысушылардың өздеріне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқылы емес.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда, медиатордан медиация барысында белгілі болған мәліметтер туралы куәгер ретінде жауап алуға болмайды.
3. Медиацияға қатысушының өзіне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген медиация тарапының рұқсатынсыз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-тарау. МЕДИАТОРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУДІ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


9-бап. Медиаторларға қойылатын талаптар
1. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
2. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мыналар:
1) қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
4. Мыналар:
1) жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.
5. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
6. Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы.
7. Мыналар:
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын;
4) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.
8. Медиация тараптарының келісімімен медиаторға қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

10-бап. Медиатордың құқықтары мен міндеттері
1. Медиатор:
1) медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың жеке-жеке әрқайсысымен де кездесулер өткізуге және оларға дауды (дау-шарды) шешу жөнінде ауызша әрі жазбаша ұсынымдар беруге;
2) құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыруы туралы жұртшылықты хабардар етуге құқылы.
2. Медиатор:
1) медиацияны жүргізген кезде медиация тараптарының келісімімен ғана әрекет етуге;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті.
3. Кәсіпқой медиатор медиаторлар қауымдастығы (одағы) бекітетін Медиаторлардың кәсіптік этикасы кодексін сақтауға, сондай-ақ медиаторлар ұйымы белгілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай сайын есеп беруге міндетті.
4. Медиатордың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет